Әлеуметтік нысандардың (мектептер, балабақшалар, т.б.) күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына мониторинг

Әлеуметтік нысандардың (мектептер, балабақшалар, т.б.) күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына мониторинг

Ағымдағы жылдың 7 қазаны күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Қ.Нурумова, аудандық мәслихат хатшысы М.Ж.Калелов, Қалжыр ауылдық округінің әкімі Қ.Қизатов Қалжыр орта мектебінің жаңа оқу жылына дайындығы, жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасына мониторинг жүргізді.

2020 жылы мектеп терезелерін ауыстыру жұмыстары «AliCtarKZ» ЖШС (басшысы М.Шаймарданов) – мен жүргізілген. Терезе жақтауларының (откос) өңделмей, терезеалды табанша тақтайлары астының (подоконник) жылыланбауына байланысты 2020-2021 оқу жылында мектепте температуралық режимді толық сақтау мүмкіндігі болмаған. Жаңадан қойылған терезелердің сынған әйнектері ауыстырылмағаны анықталды.

Мемлекеттік сатып алу заңдылығы аясында конкурсты жеңіп алған мердігермен кемшіліктерді жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде мектеп әкімшілігіне ұсыныс берілді.