Марқакөл ауылындағы «ашық әкімдіктің» жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізу

Марқакөл ауылындағы «ашық әкімдіктің» жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізу

Ағымдағы жылдың 7 қазаны күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Қ.Нурумова, аудандық мәслихат хатшысы М.Ж.Калелов, аудандық мәслихат депутаты А.М.Мухаева, ауылдық округ әкімі Р.Н.Кемешовтың қатысуымен Марқакөл ауылындағы «ашық әкімдіктің» жөндеу жұмыстарымен танысты.

«Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жоспар-тапсырмасына сәйкес бұрынғы аудан орталығы болған Марқакөл ауылында «ашық әкімдік» кабинетін ашуға тиісті қаражат бөлінген. 2021 жылдың 14-21 сәуір аралығында мемлекеттік сатып алу порталының қорытындысы бойынша «Ebisu» ЖШС (басшы Р. Ашынбаев, тел. 87054994473) жеңімпаз деп танылған.

Бүгінгі күні жұмыстар аяқталып, қажетті жабдықтар жеткізілген, «ашық үлгідегі» кабинеті дайын.