
Ағымдағы жылдың 7 қазаны күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Қ.Нурумова, аудандық мәслихат хатшысы М.Ж.Калелов ауылдық округ әкімі Қ.Қизатовтың қатысуымен шекаралық аймақты дамыту бағдарламасы аясында аудандағы спортпен тұрақты айналысатын тұрғындар санын арттыру мақсатында Қалжыр ауылындағы спорт модулінің құрылыс барысымен танысты. Қаражаты оң шешімін тауып, ағымдағы жылдың мамыр айынан «QazConstructions» ЖШС-мен салынып жатқан спорттық нысан жұмысына құрылыс прорабы А.Маликов басшылық жасауда. Құрылыс мастері А.Марденов.
Құрылысын осы жылдың аяғына дейін аяқтау межеленген нысанда бүгінгі күні құрылысшылар бригадасында 9 адам, дәнекерлеуші, монтаждаушылар бригадасында – 6 адам жұмыс атқаруда. 1 Камаз, 1 погрузчик, 1 кран жұмысқа тартылған. Қажетті материалдар жеткізілген, әкімшілік-шаруашылық блогының қабырғасын қалау жұмыстары жақын күндері басталмақ. Спорт залдың металлоконструкциялық құрылғысын дәнекерлеу жұмыстары атқарылуда.
Ауа райының қолайлы күндерін ұтымды пайдалана отырып, жұмыстың қарқындылығын арттыру, сапалы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныс берілді.