Кепілдік мерзімі аяқталмаған «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша салынған жалға берілетін тұрғын үй,..

Кепілдік мерзімі аяқталмаған «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша салынған жалға берілетін тұрғын үй,..

Кепілдік мерзімі аяқталмаған «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша салынған жалға берілетін тұрғын үй, ТҮКШ жаңғырту жұмыстарына және тұрғын үй құрылысы сапасына мониторинг (егер тұрғындарда шағымдар болса, бұзушылықтардың жойылуын бақылауға алу)

  • Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегі күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумова, «Nur Otan» партиясы Күршім аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Абилмажинов Балықшы ауылдық округіне қарасты Ақсуат ауылындағы көп балалы отбасыларына арналып салынып жатқан 2 пәтерлі 2 тұрғын үй құрылысына ауылдық округ әкімі Е. Тілеубаевтың қатысуымен мониторинг жасады.
  • Құрылысы ағымдағы жылдың маусым айында мердігер Д.Сағдолдиннің «Амирхан» ЖК-мен басталған нысанды қазан айының 15-не дейін тапсыру жоспарланған. Қабырғалары газоблоктан қаланып, сырты ақ силикат кірпішпен қапталған үйлердің төбелерін жабу жұмыстарын бүгінгі күні барлығы 15 адам атқаруда. Жұмысқа жергілікті тұрғындар да тартылған.
  • Әрқайсысының аумағы 108 шаршы метрді құрайтын пәтерлердің тұрмысқа қолайлы, жайлы болу жағдайлары қарастырылған, белгіленген пәтер иелері де жылыту маусымы басталғанға дейін жұмыстардың толық аяқталуын асыға күтуде.