Қалалық және аудандық әкімдікке қарасты бөлімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарған жұмыстарына талдау

Қалалық және аудандық әкімдікке қарасты бөлімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарған жұмыстарына талдау

Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегі күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумова аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстарға талдау жасады.
2021 жылға арналған бөлімнің жоспары дайындалып, бекітілген. Өткізілген шаралар бойынша хаттамалар жинақталған. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тақырыптық стенд, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық стенд ілінген.
Бөлімде жұмыс істейтін қызметкерлердің бойында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік, парасаттылық қасиеттерінің берік қалыптасуы аясында жұмыстардың пәрменді жүргізілуі жөнінде ұсыныстар берілді.