Жергілікті қоғамдастық өкілдерімен, мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен пікір алмасу алаңын ұйымдастыру

Жергілікті қоғамдастық өкілдерімен, мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен пікір алмасу алаңын ұйымдастыру

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегі күні «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - әрбір азаматтың міндеті» атты печ-куча форматында өткен кездесуге аудан орталығындағы «Күршім» және «Болашақ» балабақшасының қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты бейнематериалдар көрсетіліп, «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б. Нурумова сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы аясында мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу мекемелерінің міндеттері, 2021 жылы заңға еңгізілген өзгерістер жайлы түсіндірді.
Отырыс соңында (1424) Call орталық брошюралары таратылды. Мекеме қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берілді.