Әлеуметтік объектілердің қазандық қондырғыларының техникалық жай-күйіне және қысқы жылыту маусымына дайындығына қоғамдық бақылау

Әлеуметтік объектілердің қазандық қондырғыларының техникалық жай-күйіне және қысқы жылыту маусымына дайындығына қоғамдық бақылау

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегі күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумова, «Nur Otan» партиясы Күршім аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Абилмажинов №5 Күршім орта мектебі, 64 пәтерлі 1 тұрғын үй, 16 пәтерлі 1тұрғын үй, спорт кешені, су соратын станция, бассейнге жылу беретін қазандық қондырғыларының техникалық жай-күйіне және қысқы жылыту маусымына дайындығына қоғамдық бақылау жүргізді.
Қазандық қондырғылары жылыту маусымына дайын, ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қажетті көмір тасымалы басталып, от жағушылар құрамы (6 адам) жинақталуда.
Барлық объектілерді сумен қамтитын су соратын станцияда қойылған 1 насосқа қосымша тағы 1 насос орнату бойынша сұраныс жасалған, жылыту маусымына дейін жұмыстарды аяқтау жоспарланған.
Қазандық қондырғыларының жұмысына жауапты «Күршім коммуналдық шаруашылығы» басшылығына соңғы жылдары жиналып қалған шлактарды шығару жұмыстарын ағымдағы жылдың қараша айының аяғына дейін ұйымдастыру ұсынылды.