Әлеуметтік объектілердің қазандық қондырғыларының техникалық жай-күйіне және қысқы жылыту маусымына дайындығына қоғамдық бақылау

Әлеуметтік объектілердің қазандық қондырғыларының техникалық жай-күйіне және қысқы жылыту маусымына дайындығына қоғамдық бақылау
  • Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегі күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумова, аудан әкімінің орынбасары Е.Шораяқов, аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Акрамов, жастар ресурстық орталығының директоры Р.Қалиахмет,«Күршім мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны» басшысы А.Қойлыбаев Күршім ауылындағы қазандық қондырғыларының техникалық жай-күйіне және қысқы жылыту маусымына дайындығына қоғамдық бақылау жүргізді.
  • Аудандық орталық аурухана, ауылдағы 33 тұрғын үйлерді жылыту қосылған қазандықтағы 4 кішкене пештер ескірген, биылғы жылы тозығы жеткен 2 пештің орнына құны 6,5 млн теңге тұратын қуаттылығы 1,94 ГК 1 пеш әкелінііп, орнату жұмыстары жүргізілуде. Жұмысқа тартылған адамдар саны – 5. Пеш орнату, жалпы жылу қазандығын даярлау жұмыстарын 15 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған.