Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен печ-куча форматында жергілікті қоғамдастық өкілдерімен пікір алмасу алаңын ұйымдастыру шарасы өткізілді.
-Алдын ала дайындалған жоспарға сәйкес аудандық мәслихат хатшысы, депутаттар, аудандық ардагерлер кеңесі, «Nur Otan» партиясы Күршім аудандық филиалыы төрағасының бірінші орынбасары, ақсақалдар алқасының төрағалары, аудандық әйелдер, іскер әйелдер кеңестерінің төрайымдары мен Күршім ауылдық округіндегі белсенді ардагерлер, әйелдер, зейнеткерлер, дербес бөлім басшылары, жастармен аудандық әкімдіктің залында пікір алмасу ұйымдастырылды. Шақырылғандар саны-20 адам.
-Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру, осы бағытта жаңа көзқарас, өмірлік қағидаттар қалыптастыруда «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірге ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 2021 жылға арналған қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық мәдениетін ілгерілету тақырыбындағы шараларды атқаруда зиялы қоғам өкілдерінің рөліне мән берілді.
-ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың а.ж. 1 қыркүйегіндегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында «...Адасқанға жөн сілтеп, жастарға бағыт-бағдар берген, тентегін тыйып, тектісін төрге оздырған ел ағаларының, зиялы қауымның орны қашанда ерекше»- деп бағалағаны белгілі. Осы орайда ел жағдайы, аудандағы шешімі кешіктіріліп жатқан мәселелерге атсалыса отырып, жұмыстар атқару бойынша ойлар ортаға салынды.
-Пікірмен алмасу шарасына қатысушылардың ойлары мен ұсыныстары тыңдалып, қорытындыланды.