
Ағымдағы жылдың 13 тамызы күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б. Нурумова Ақбұлақ негізгі орта мектебінде болып, жөндеу жұмыстарына заңсыз ақша жинау деректерін анықтау бойынша мониторинг жүргізді.
Ағымдық жөндеу жұмыстары мектеп қызметкерлерімен атқарылған. Аудандық білім бөлімімен құрылған комиссиямен мектептің жаңа оқу жылына дайындығы тексеріліп, берілген жекелеген ұсыныстары орындалған.
Бұрынғы мектеп түлектері (меценаттар) өздері оқыған мектептерінің жұмсақ жабынды төбесінің 600 м2 аумағын 3 қабатты бикроспен жауып жаңа оқу жылына дайындығына көмектескен.Мүмкіндігі бар іскер азаматтардың көмегіне мектеп ұжымы, ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдіруде.
Жөндеу жұмыстарына заңсыз ақша жинау деректері анықталған жоқ.