Автомобиль жолдарындағы шұңқырларды және орташа жөндеу жүргізу жұмыстарын мониторинг

Автомобиль жолдарындағы шұңқырларды және орташа жөндеу жүргізу жұмыстарын мониторинг

Ағымдағы жылдың 17 тамызында «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б. Нурумова  Марқакөл ауылындағы Қабанбай, Тоқтаров, Б. Момышұлы көшелеріндегі асфальт төселіп жатқан 1 км жол сапасына  мониторинг жүргізді. Асфальт төсемнің қалыңдығы 5 см.

Жобалық-сметалық құжатқа сәйкес «Марқакөл комуналдық шаруашылығы» мекемесімен атқарылып жатқан жұмысқа 8 адам, 2 Камаз, 1 каток, 1 асфальт төсегіш, 1 тиегіш (погрузчик) тартылған. Бүгінгі күні жұмыс толық аяқталған.