Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасына мониторинг

Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасына мониторинг

Ағымдағы жылдың 16 тамызы күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б. Нурумова, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Р. Искаков, кәмелеттік жасқа толмаған жастар ісі жөніндегі инспектор, полиция капитаны Е. Тұқпиев Күршім ауылындағы дүкендердегі азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізді.

«Әсел», «Ақжол» дүкендеріндегі әлеуметтік маңызы бар 19 өнімнің бағаларына сараптама жасалып, үстеме ақылардың сатып алынған бағаға 10 пайыздық көлемде ғана қосу жағдайы түсіндірілді.

Дүкендердегі айран бағаларының 10 пайыздық үстемақымен сатылатыны жөнінде келісілді.