Өңірдегі өрт сөндіру бөлімдерінің техникалық жабдықтарының сапасы мен жұмысына мониторинг

Өңірдегі өрт сөндіру бөлімдерінің техникалық жабдықтарының сапасы мен жұмысына мониторинг

Ағымдағы жылдың 17 тамызы күні «Күршім - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б. Нурумова, аудан әкімінің орынбасары Қ. Азимбаев Марқакөл ауылындағы №45 өрт сөндіру бөлімінде болып, техникалық жабдықтарының сапасы мен жұмысына мониторинг жүргізді.

Бөлімде 20 адам жұмыс істейді, вакансия жоқ. 2 бокс бар. 3 өрт сөндіргіш машина, 1 Уазик автокөлігі, 3 дана мотопомпа жұмыс жағдайында. Жанар-жағар май жеткілікті. Мамандар арнайы формалармен қамтамасыз етілген.

Өрт сөндіру бөлімінде есік, терезелерін ауыстырып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлуге сұраныс жасалған.