Өңірдегі өрт сөндіру бөлімдерінің техникалық жабдықтарының сапасы мен жұмысына мониторинг

Өңірдегі өрт сөндіру бөлімдерінің техникалық жабдықтарының сапасы мен жұмысына мониторинг
  • Ағымдағы жылдың 12 шілдесі күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, жастар ресурстық орталығының әдіскері Жомартова Жансая Оралбекқызы Күршім ауылындағы №30 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б.Құнанбаевтың қатысуымен техникалық жабдықтарының сапасы мен жұмысына мониторинг жүргізді.
  • Штат бойынша 27 адам қызмет атқаратын бөлімдегі 7 бірлік техника (4-өрт сөндіргіш машина, 3 қосымша техника) жұмыс жағдайында.
  • Әр аптаның жексенбісінде дала, орман өрттерінің алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар бөлімі, полиция, орман шаруашылығы қызметкерлерінің қатысуымен алдын алу шаралары ұйымдастырылуда. Орман алқаптарына мобильдік топтармен рейдтер жасалуда.
  • Бүгінгі күнге дала, орман өрттері тіркелген жоқ.