
Аудандық мәслихаттың кезекті жетінші сессиясын шақыру туралы
VIІ - шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезекті жетінші сессиясы 2021 жылдың шілде айының 27 күні сағат 11-00-де Күршім ауылында, аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді.
Күн тәртібіне төмендегідей мәселелер ұсынылады:
1. Күршім ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жөніндегі есебі.
Күршім ауданының әкімі.
2. Ауыл шаруашылығы саласының басым бағыттарын дамыту бойынша іс-шаралардың орындалу барысы туралы.
Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы.
3. Ауданда мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы.
Аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
4. Әр түрлі мәселелер.
Тұрақты комиссиялар отырысы сағат 09-30 - да.
Күршім аудандық мәслихаттың хатшысы М. Калелов