
♦22 маусым күні «Күршім-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жоспарын іске асыру мақсатында Күршім ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Біз бір күшпіз!» атты жастар квесті өтті.
♦Квестің басты мақсаты- жастар бойында сыбайлас жемқорлық көністеріне төзбеушілік, адалдық, шыншылдық қасиеттерін қалыптастыру, әділдікке тәрбиелеу.
♦Жастар сайысына Марқакөл, Құйған, Абай және Күршім ауылдық округтерінің 4 жастар командалары қатысты.
♦Квест 5 кезеңнен тұрды:
ағашқы кезең-таныстыру болса,
екінші кезең-викториналық сұрақтар,
үшінші кезең-Абай Құнанбайұлының өлеңін жатқа оқу,
төртінші кезең-жағдаят шешу,
шешуші кезең- тақырыптық қорғау (плакатпен жұмыс).
♦Сайыс қортындысына сәйкес I орынды Күршім жастары, II орынды Абай жастары, III орынды Марқакөл және Құйған жастары өзара бөлісті ал жүлделі командасы жеңіп алды.
♦Жеңімпаздар Аудан әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
♦Барша сайысқа қатысқан жастарға алғысымызды білдіремін.