
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс алтыншы сессиясын шақыру туралы
VIІ - шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясы 2021 жылдың маусым айының 10 күні сағат 10-30-де Күршім ауылында, аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді.
Күн тәртібіне төмендегідей мәселелер ұсынылады:
1. «Күршім ауданының ауылдық округтерінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» Күршім аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 59/2-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2. Әр түрлі мәселелер.
Тұрақты комиссиялар отырысы сағат 10-00 - да.
Күршім аудандық
мәслихаттың хатшысы М. Калелов