
Сіздерді «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Digitaleast.kz сайты арқылы цифрлық сауаттылық бойынша қашықтықтан оқыту курстарына қатысуға шақырамыз.
Курстар келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
• «Ашық үкімет»
• «Электронды үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер»
• «Электрондық сауда-саттық»
• «Негізгі сандық дағдылар»
• «Ақпараттық қауіпсіздік дағдылары»
Курсқа қатысу үшін https://digitaleast.kz/video-lessons/ сайтына тіркелу қажет.
Курстар бойынша толық ақпаратты Күршім ауданы әкімі аппаратының кеңсе, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау бөлімінен біле аласыздар.
Байланыс телефоны: 8 (72339) 2-13-52.