
2021 жылғы 31 мамырда әкімдіктің үлкен залында Күршім ауданы әкімдігінің отырысы өткізілді.
Отырыста сайлау учаскелерін ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге дайындау барысы және мүмкіндігі шектеулі адамдардың кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жағдай жасау туралы мәселе қаралды. Іс-шараға әкімдіктің жалпы бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, ішкі саясат бөлімінің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері қатысты.