Суға түссеңіз, сақ болыңыз!

Суға түссеңіз, сақ болыңыз!

Күршім ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі  ескертеді: дене қызуының күрт төмендеуі қан тамырларын бірден жиырып, талып қалуға әкеп соқтырады. Сол себептен шомылуды желсіз, ашық ауа райында бастаңыз, ауаның температурасы 20-25, судың температурасы 17-19 градустан кем болмағаны жөн. Сондай-ақ суға абайлап түсіңіз, жүзу білмесеңіз, белден асатын тереңдікке бармаңыз. Таяз жерде тоқтап, басыңызды суға батырып шомылыңыз. Өзіңізді қалтырап тоңуға дейін жеткізбеңіз. Суға жалғыз шомылмауға тырысыңыз және бірден тамақ ішкеннен кейін және мас күйде шомылмаңыз.

Сондай-ақ суға түсу кезінде мына жаттарды естен шығармаңыз:

  • қоршау белгілерінен тысқары жүзбеңіз;
  • тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз;
  • балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • шомылғанда камераларды, доптарды, тақтайларды, үрмелі матрацтарды пайдаланбаңыз және суда ойнауға жол бермеңіз;
  • өтіп бара жатқан катерлерге, қайықтарға қарай жүзбеңіз,
  • суға көпірлерден, тоғандардан, айлақтардан, қайықтар мен катерлерден, катамараннан секірмеңіз, таныс емес жерлерге сүңгімеңіз;
  • иесіз және техникалық ақаулары бар қайықтарды пайдаланбаңыз;
  • қалқымалы құралдарға техникалық төлқұжаттағы көрсетілген артық жолаушылыр мен жүктерді алмаңыз;
  • алкогольдік ішімдік ішіп, қайықпен қыдырмаңыз, оның бүйіріне (жақтауына) және тұмсығына отырмаңыз;
  • бір орыннан екінші орынға, бір қайықтан екінші жүзетін құралға ауысып отырмаңыз;
  • қайықтан суға сүңгімеңіз, қараңғыда жалғыз суға түспеңіз;

Құрметті оқырмандар! Суға шомылып, демалу кезінде қайғылы жағдайларға душар болмау үшін қауіпсіздік ережелерін сақтап, немқұрайлықтың құрбаны болмаңыздар.

Күршім ауданының ТЖБ