
Ағымдағы жылдың 21 мамыры күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, Күршім аудандық полициясынан әкімшілік полиция бөлімінің жол және техникалық инспекциясының мемлекеттік аға инспекторы аға лейтенант И.Қизатов, аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы М.Акрамов, Күршім коммуналдық шаруашылығының мастері Ш.Адылканов, аудандық «Рауан-Заря» газетінің тілшісі К.Бұрқанбаева, Күршім ауылдық округі әкімдігінің бас маманы А.Мырзабековалардың қатысуымен аудан орталығындағы жол қозғалысын ұйымдастыру жұмыстары бойынша жол белгілері, жол сызықтарының қойылуы, бағдаршамдардың қызметі бойынша мониторинг жүргізілді.
Жүргізушілермен кездесу барысында Күршім ауылында орнатылған 4 бағдаршамның үшеуі бүгінгі күнге жұмыс істемей тұрғаны жөнінде айтылды. Жөндеу жұмыстарына қаражат қарастырылған, маусым айында іске қосылуы жоспарланған. Жол белгілерін бояу, жаңалау, жаяу жүргіншілерге арналған сызықтардың қалыпқа келтірілуі жөнінде ұсыныстар берілді.