
Ағымдағы жылдың 11-12 мамыр күндері «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумова бекітілген жұмыс топтарымен бірге аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, жер қатынастары, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдері, Күршім ауылдық округі әкімдігінде 2021 жылдың І тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін анықтауға өткізілген ішкі талдауға қатысып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізді. Сонымен қатар, талдау қорытындысында жекелеген ұсыныстар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.