
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының күнтізбелік жоспарында бекітілген «Ерекше жағдайдағы адамдарға (мүгедектерге) арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізу тапсырмасына сәйкес, 2020 жылдың 20 қаңтар күні Күршім ауданының Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде барлық санитарлық талаптарын сақтай отырып, бұл шара ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге заңға сәйкес, мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыруға бекітілген жұмыс берушілер арасында бос жұмыс орны бар, Сарыөлең орта мектебі шақырылды. Сарыөлең орта мектебі өздерінде бос тұрған ағаш шеберінің орнын ұсынды. Бос орындар жәрмеңкесі кезінде бұл орынға 5 адам жұмысқа орналасуға тілек білдірді. Заң талаптарына сәйкес бос орынға 3 топтағы мүгедек Айтқожа Әділхан лайықты деп танылды және жолдама берілді.