
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында патриоттық сананы ынталандырып, ұлттық құндылықтарды жаңғыртып қана қоймай, туған жеріне, халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру мақсатында «Туған жерге-мың тағзым, тұлғалы жанға –бір тағзым» атты «Озат» жүлдесі жыл сайынғы дәстүр бойынша аталып өтті.
Аталмыш жүлде биылғы жылы жаңа жыл мерекесіне орай ұйымдастырылды. Аудан әкімі Д.Қажанов аудандық мәдениет үйінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра, жылдық қорытынды бойынша әр саланың үздігі атанған сегіз азаматқа «Озат» жүлдесін салтанатты түрде табыс етті.