
Жылыту кезеңінде улы газбен улану жағдайлары жиілеп кетті. Ол білінбей болуы мүмкін, үйткені оның не түсі не иісі жоқ. Улануды тек өрттен ғана емес (СО ауада өрттің нәтижесінде пайда болады), жәнеде желдету нашар жерде де пайда болады, мысалға автокөлік тұратын гараж, әсіресе автокөліктің қозғалтқышты көшкентай бөлмеде сөндірмесе. Ең көп улану оқиғалары бұл өз уақытында пештің жапқышын жаппау немесе газ колонкаларында дұрыс циркуляциялық сору жабдығы болмауы. Уланудың алғашқы белгілері ол, бас ауруы, бас айналуы, көзден жас шығуы, жөтел, жүректің айналуы, құсу болып табылады. Уланудың орта ауырлығы болғанда ұйқышылық пайда болады. Жоғарғы концентрация болған кезде ес пен сана жоғалтушылық болады. Ал ауадағы улы газдың концентрациясы 1,2% асса, адамды бірнеше минутта өлімге әкеледі.
Улы газбен уланудың тағы бір себебі, пешті салу мен пайдаланудың ережелерін бұзу болып табылады.
Қатерлі жағдайларды болдырмау үшін, Күршім ауданының ТЖБ қызметкерлерімен, 30-ӨСБ және 45-ӨС бекеті қызметкерлерімен бірлесіп 4499 аула аралау жүргізілді, жалпы 5262 адам оқытылды, 4499 көлемінде жадынама таратылды.
Күршім ауданының ТЖБ қызметкерлері пештің жапқышын ішіндегі көмір жанып кетпей, жабуға болмайтынын естеріңізге салып отыр. Бұл ретте пешті ұйқыға жатар алдында кем дегенде екі сағат бұрын жағу керек. Бөлмені жылыту үшін тұрмыстық газ аспаптар мен аппараттарды (мысалға, газды пеш) қолданбаңыз. Ашық от бөлмедегі ауаны жағады, сол сәтте пештің жұмыс істеуіне ауа аз болады. Ауаның аздығынан газ түгелдей жанбайды, сондықтан улы газ пайда болады. Бөлмедегі ауаның ішінде 0,2% улы газ 1 сағат болса адамның өміріне қауіп төнеді, ал 0,5% болса, 5 минут адам өліміне жеткілікті.
Күршім ауданының ТЖ бөлімі