Жылыту пештерін пайдаланудың ережелері

Жылыту пештерін пайдаланудың ережелері

Күршім ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, Күршім №30 ӨСБ және Марқакөл ауылының №45 ӨС бекеті қызметкерлері тұрғын-үй секторында өрт фактілерін және улы газбен уланудан адамдардың қаза болуы оқиғаларын алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізуде. Негізінде осындай жағдайлар аязды күндер басталғанда, сұйық және қатты отынмен жылыту пештерін  жағу кезінде тұрғындардың қарапайым кауіпсіздік ережелерін ұмытуынан орын алып жатады. Сонымен бірге, улы газбен уланудың тағы бір себебі жылыту пештерін пайдаланудың ережелерін сақтамау (пеш жапқышын уақытынан бұрын жабу, пеш ішіне ауаның жеткілікті келмеуі, түтіннің шала тартылуы), пештің және түтіндіктің ақаулығы (пеш құрылысында жарықтардың болуы, түтіндіктің бітелуі).

Аталған оқиғалардың алдын алу мақсатында, ағымдағы жылдың басынан Күршім ауданында 4274 үй араланып, 6361 адам қамтылды. Үй аралау кезінде тұрғындарға үгіт-насихат, жадынама қағаздары таратылып, нұсқаулықтар жүргізілді. Сондай-ақ, әлеуметтік осал топтар қатарына жататын 100 отбасының тұрғын үйіне улы газды анықтайтын дабыл қаққыш қондырғылары орнатылған болатын.

Күршім ауданының Төтенше жағдай бөлімі