
Күршім ауданында ауыл мамандарын қолдау мақсатында шаралар жалғасуда. 2025 жылдың 22 тамыз күні ауданның ветеринарлары 8 қызметтік көлікке ие болды. Жаңа көліктердің кілттерін аудан әкімінің орынбасары А.Ижимов табыстады. Жаңа көліктер мамандардың жұмысын жеңілдетіп, аудан тұрғындарына дер кезінде көмек көрсете алуға мүмкіндік бар.
Аудан ветеринарларына осы саланың ардагері М.Ешмұхамбетов, «Күршім-Вет» кәсіпорынның басшысы Қ.Ибраев игі тілектерін арнады.