Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Күршім ауданы төтенше жағдайлар бөлімі

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Күршім ауданы төтенше жағдайлар бөлімі

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Күршім ауданы төтенше жағдайлар бөлімі, №9 ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ жедел құтқару жасағы және полиция бөлімімен бірлесіп Күршім ауылының №3 Күршім гимназиясы оқушыларымен «ZOOM» мобильді програмасы арқылы онлайн сабақ өткізілді.
Сабақтар барысында «Балалардың отпен ойнауы», «Күнделікті өмірдегі өрт қауіпсіздігі шаралары», «Қыста су айдындарындағы қауіпсіздік», «Қысқы балық аулау кезіндегі қауіпсіздік», «Мектепке барардағы қауіпсіздік», «Балалардың көп қабатты үйлердің терезелерінен құлап кету апаттарын алдын-алу» тақырыптарында дәрістер оқылды, әртүрлі төтенше жағдайлар кезіндегі апаттар жайлы ақпарат берілді.
Балаларға әр түрлі жағдайлар мен жазатайым оқиғаларда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерімен таныстырылып, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекет әдістері түсіндірілді. Үгіт-насихат материалдарын тарату үшін мектеп қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі, қыс мезгіліндегі қауіпсіздік және су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы 200 жадынама, нұсқаулық парақшалары берілді.
Іс-шаралар барысында 6-8 сыныптарының 60 оқушысы, 3 мұғалім және 2 метеп басшылығы қамтылды.