Шағын бизнес
Ауданда 1933 бірлік шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде 1825 бірлік белсенді жұмыс істеп тұр. Оның ішінде: заңды тұлғалар-74 бірлік, жеке кәсіпкерлер-670 бірлік, шаруа қожалықтары-1081 бірлік.
2020 жылғы қаңтар – желтоқсанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салық түсімдерінің көлемі 331 млн.061 мың теңгені немесе өсім 70,1% - ды құрады.
Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 3034 адамды немесе 10% құрады.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 7 млрд.159 млн. теңге сомасына өнім шығарды немесе өсу қарқыны 31,7% - ды құрады.
Өнеркәсіп
2020 жылы өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 5720,5 млн.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 67,8% - ға артты, нақты көлем индексі 182,9% -ды құрады.
Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемі 1543,1 млн. теңгені құрады, 2019 жылмен салыстырғанда 3,8 пайызға ұлғайды, нақты көлем индексі 113,6% - ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі үлесін азық-түлік өндірісі құрайды.
Мыс концентраты мен катодты мыс өндіретін "ГРК МЛД" ЖШС тау-кен байыту кешені пайдалануға берілді.Тау-кен өндіру өнеркәсібінің жалпы көлемі 3824,6 млн. теңгені құрап, 2,4 есеге артты.