«Апатқа даяр болайық!»
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің бір қатар аймақтарында ғимараттардың шатырларын бұзудың көптеген жағдайы тіркелді.
Шатырлардың бұзылу себептерін талдау негізінен шатыр ұзақ уақыт бойы жөнделмеген ғимараттарда бұзылулардың орын алатындығын, оны жөндеу үшін сапасыз шатыр материалдары қолданылғанын немесе құрылыс немесе күрделі жөндеу кезінде жүккөтергіш элементтерді монтаждау дұрыс жүргізілмегенін көрсетті.
Көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары бұзылған кезде қоғамдық резонанс жиі туындайтынын атап өту қажет, тұрғындар жергілікті атқарушы органдарға жүгінеді, олар заң жүзінде төтенше жағдай жариялай алмайды және резервтен қаражат бөле алмайды.
Сонымен қатар, қатты жел электржелісінің зақымдалуына ықпал етеді, халықтың көп бөлігінің өмірін бұзады.
Осылайша, бүгінгі күні қауіпті метеорологиялық құбылыстар салдарынан тәуекелдерді төмендету бойынша жұмысты жандандыру талап етіледі.
Осыған байланысты, мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшылар тарапынан осы бағытта жұмыстарды ұйымдастыру қажет.
Ғимараттар мен тұрғын үй иелерін шатыр элементтерін ауыстыру немесе нығайту бойынша алдын ала шаралар қабылдау қажеттілігі екені туралы ескертеміз.
Күршім ауданының ТЖБ