Меню

Страницы

Статья

Көктемгі су тасқынына даяр болайық!

Көктемгі су тасқынына даяр болайық!

Аудан аумағындағы ауа райынның ерекшеліктеріне байланысты ауданда су тасқыны қауіпі орын алуда. Су тасқыны қартың тез еруінен, көп мөлшерде жауған жаңбыр салдарынан болуы мүмкін.  Қардан және мұздан тазарту бойынша алдын ала жүргізілген іс-шаралар және су тасқынына алдын ала даярлық көктемгі су тасқының зардаптарын болдырмауына немесе маңызды азайтуына мүмкіндік береді.

Қауіп қатерлі кезеңде жіберілетін гидрометео қызметінің хабарларын және ТЖ тиісті органдарының ақпараттарын мұқият тыңдау қажет.

Егер сіздің тұрған үйіңіздің су басатын жер шекараларын күру мүмкіндігі болса, сізге келесі ережелерің істеу қажет:

  • көшелерді, аулаларды, ғимараттардың төбелерін, өтулерді, кіру және шығу жерлерін, су құбырларын, су жүретін жерлерді қардан алдын ала тазарту;
  • шұғыл көшетін болған жағдайға, үш тәулікке жететін тамақ және су қорын, тиісті құнды заттарды, жылы киім, дәрі-дәрмектерді дайындап қойыңыз;
  • ұдайы дайындықта ақша, құжат, құнды қағаздарды ұстаңыз;
  • үйлеріңізді, пәтерлеріңізді қорғау үшін қажетті жұмыстар жүргізу: есіктер мен әйнектерді бекіту, жоғары қабаттарға (шатыр, төбе) үй нәрселерін және бағалы заттарды апарып қою, ауладан шаруашылық құралдарды жинау, мал азығын қауіпсіз орынға жеткізу
  • Көшу жеріңізді және қауіпсіз орын алдын ала анықтап алыңыз, жай ғана жүзу құралдарын дайындаңыз
  • үй жануарларын, мүлкіңізді қауіпсіз аумақтарға алдын ала көшірініз

Судың аяқ астынан дүркін ағуы болған жағдайда және су деңгейі көтеріле бастаса:

  • үрейге берілмеңіз, тез және нық әрекет жасаңыз;
  • сабыр сақтаныз,
  • есіктер мен әйнектерді жабыңыздар, электр, газды және пештегі отты сөндіріп кетіңіз.
  • үй жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз етубойынша барлық шараларды қабылдаңыз, қора есіктерін, қақпаларды ашып, малды бос жіберіңіз;
  • су өткізбейтін киім киіңіз, өзіңізбен құжаттарыңызды, ақша, бағалы қағаздарды, ішетін су қорын, тамақ, дәрігерлік қобдишасын, ең қажетті заттарыңызды алыңыз да ғимаратты босатыңыз;
  • Су басқан аймақтан жылдам шығуға тырысыныз, егер шыға алмасаңыз, қайық және басқа да жүзіп шығуға болатын нәрсемен кауіпсіз жерге жетіңіз, немесе төбеге, шатырға шығыныз.
  • суға батқан азық-түліктерді жемеңіз, қайнатылған су ғана ішіңіз;

Ата-аналар және оқытушылар!

  • Балаларды суаттарға жібермеңіз, әсіресе мұз жүру уақытында, оларға суаттарды ашу кезде мұзда болуы, жарда және шайылған жағалаудаболуы қауіпті екенін алдын ала ескертіңіз.

Тұрып жатқан үйіңізге судың келгені туралы дерегін, Күршім ауданының ТЖБ және Күршім аудандық су тасқынға қарсы штабқа хабарлаңыз тел: 101, 23-583, 2-17-82

Әр жағдайда өзіңді сенімді ұстап, үрейге берілмеңіз, тез және нық әрекет жасап, бірінші кезекте балалар мен қарттарға көмек көрсете біліңіз!

 

Күршім ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

Дата публикации
11 марта 2024
Дата обновления
11 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

24 февраля 2026
РЕФЕРЕНДУМ - 15 наурыз 2026 жыл
24 ноября 2025
Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету бойынша бейнекурс
Ақпарат
25 февраля 2025
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының қауіпсіздік паспорты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы