Меню

Страницы

Статья

Мәдениет саласы  

Күршім ауданы бойынша 27 клуб, 22 кітапхана халыққа мәдени қызмет      көрсетуде. 2021 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес аудандық «Шабыт» КМҚК-нында  350 іс-шара  өткізіліп, 14875 көрерменді қамтыды.

«Күршім ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ –нің барлық кітап қоры -190988 мың  дана, мемлекеттік тілде 106643 дана.

2021 жылдың   қорытындысы бойынша аудандық кітапханада 95 мәдени шара өтті. Олар:  35- онлайн кітап көрмесі, 10- тікелей эфир, 15-онлайн танымдық сабақ, 7-шолу, 11- тақырыптық кеш, 7-дөңгелек үстел, 5-әңгіме сабақ, 5- таныстыру.  2021 жылдың жоспарына сәйкес барлығы 95  мәдени іс-шара жоспарланған. Барлығы жыл көлемінде орындалды.

Ауданда жергілікті маңызы бар ескерткіштер саны – 113, оның ішінде сәулет ескерткіштері – 105.

2020-2025 жылдарға бекітілген кешенді жоспарға сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылды.  Теректібұлақ ауылдық клубының жөндеу жұмыстарының жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге  жергілікті бюджет есебінен 1,6 млн. теңге қаражат бөлініп, бүгінгі күні сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамаға берілді. 2022 жылы ауылдық клубтың  жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

2021 жылы жергілікті бюджет есебінен  Аманат ауылдық клубына күрделі  жөндеу  жұмыстары жүргізілді.

2021 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес аудандық «Шабыт» КМҚК-нында  350 іс-шара,  аудандық  кітапханада -95  іс-шара жоспарланған. Барлық іс-шаралар  уақытылы өткізіліп, өз жалғасын табады.

Дата публикации
28 мая 2020
Дата обновления
28 мая 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

24 февраля 2026
РЕФЕРЕНДУМ - 15 наурыз 2026 жыл
24 ноября 2025
Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету бойынша бейнекурс
Ақпарат
25 февраля 2025
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының қауіпсіздік паспорты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы