Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы ауданның негізгі саласы болып табылады, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, шағын және орта бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасау үшін ауданда белгілі бірқатар жұмыс жүргізілді.
2020 жылы 41 млрд. 106,9 млн. теңге сомасына ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12% - ға артық.
Ет өндіру көлемі 4,9% - ға, сүт өндіру көлемі 1,7% - ға ұлғайды.
Ірі қара мал - 58 890 бас, жылқы - 23648 бас, қой мен ешкі – 113 540 бас, құс – 46 349 бас.
3200 бас бұқашықтарды бордақылауға қойылды, тұқымдық түрлендіруге 16000 бас ІҚМ қатысты, халықтан 1000 тонна сүт сатып алынды, 544 тонна
сүт-тауарлы фермалармен іске асырылды.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарын 1,0 мың гектарға, 28,4-тен 29,4 мың гектарға дейін ұлғайту есебінен егіс көлемі ұлғайды, оның ішінде: 4556 га дәнді дақылдар, 4196 га майлы дақылдар, 1430,4 га картоп, 976,5 га бақша дақылдары, 685,7 га көкөніс, бұдан басқа, жемшөп дақылдарының егістік алаңы 17586,8 га құрады.
2020 жылы 303 млн.99 мың теңге сомасына 65 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, оның ішінде 160 млн. 258 мың теңгеге 30 бірлік техника лизингке, 142 млн. 841 мың теңгеге 35 бірлік техника ауданның тауар өндірушілері өз қаражаты есебінен сатып алды.
Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ күн панельдерін сатып алуға 221 жобаға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 478 млн.606 мың теңге сомасында инвестсубсидиялар төленді.

Ветеринарлық қызмет
2020 жылы бруцеллезге жоспарға сәйкес 98575 бас ірі қара мал зерттелді.
2020 жылы ауданның малы толығымен ауруларға тексерілді, мысалы: сібір жарасына қарсы 74000 ірі қара мал басы, 196000 бас ұсақ мал, 20000 бас жылқы, 200 марал, 7 түйе вакцинацияланды, аусылға қарсы 134000 бас ірі қара мал, 360700 бас ұсақ мал вакцинацияланды, эмкарға қарсы 56000 бас ірі қара мал, пастереллезге қарсы 34000 бас ірі қара мал, 250 марал, құтыруға қарсы 3000 бас ит вакцинацияланды, жууға қарсы 9980 бас жылқы, түберкүлезге зерттелгені 74000 бас ірі қара мал, маңқада 1200 бас жылқы зерттелген.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары күн сайын жүргізіледі, 2020 жылы ИӨС базасына толық енгізілген 22384 бас ІҚМ, 53587 бас ұсақ мал биркалау әдісі, 8941 бас жылқы таңбалау әдісі бойынша сәйкестендірілді.
Аудан бойынша 2020 жылы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға аудандық бюджеттен 2 млн 75 мың теңге бөлініп, 587 ит жойылды.
Бүгінгі күні ауданда эпизоотиялық жағдай тұрақты.

Дата публикации
28 мая 2020
Дата обновления
28 мая 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

24 февраля 2026
РЕФЕРЕНДУМ - 15 наурыз 2026 жыл
24 ноября 2025
Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету бойынша бейнекурс
Ақпарат
25 февраля 2025
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының қауіпсіздік паспорты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы