Меню

Страницы

Статья

Күршім аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде 2019 жыл көлемінде атқарылған жұмыстары

Аудан елді мекендерін сумен қамту бойынша:

«Аумақтарды дамыту – 2020» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 350,0 мың теңгеге Қаратоғай ауылындағы су қондырғысы станциясында насос ауыстырылды, 1710,0 мың теңгеге Құйған ауылындағы су қондырғысы станциясына және су құбырына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, 1000,0 мың теңгеге Марқакөл ауылындағы су құбырына, 1339,9 мың теңгеге Күршім ауылындағы су құбырына, 750,0 мың теңгеге Жолнұсқау ауылындағы су құбырына, 800,0 мың теңгеге Ақсуат ауылындағы су құбырына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 1000,0 мың теңгеге Төсқайың ауылында ұңғыма бұрғылау жұмыстары жүргізілді.

Боран ауылындағы су құбыр жүйесінің құрылысы 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап жүргізілуде, бұл нысан өтпелі. Жобаның жалпы құны 622436,0 мың теңге, 2017 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 167539,0 мың теңге қаражат бөлініп, 3,8 шақырым су құбыры тартылды. Жобаның бас мердігері «ПСК Өскемен Құрылыс» ЖШС-і, авторлық қадағалауды әзірлеуші «ПроектСметСервис» ЖШС-і, техникалық қадағалаушы «Royal Company» ЖШС-і. Ағымдағы жылға 454 897,0 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 392 653,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 62 244,0 мың теңге қаржы бөлінді. Жоспарланған жұмыстар мамыр айынан басталып, бүгінгі күні 31 шақырым су құбыры тартылды (диаметрлері 110 мм, 63 мм, 32 мм, 20 мм құбырлар). 2 өрт резервуарларының құрылысы, 2 таза су қоймаларының құрылысы, су сүзгісіне арналған екі камера орнату, тұтынушыларға диаметрі 25 мм су құбырын тарту, негізгі электр жүйесінен таза су қоймаларына электр жүйесінің электр тіреуіштерін тарту жұмыстары жүргізілді. Жоба бойынша су құбырларының ұзындығы 33,3 шақырым.

"Өңірлерді дамыту - 2020 "Ақбұлақ" бағдарламасы аясында "Қалжыр ауылына су құбыры желісін тарту құрылысы" басталды. Аталған жоба бойынша облыстық мемлекеттік сатып алу және бюджетті жоспарлау басқармасы тарапынан 24 сәуір күні конкурс беріліп, 30 мамыр күні ашылды. Нәтижесінде «СМУ ШЫҒЫС» ЖШС-і жеңімпаз деп танылды. Мердігер ұйыммен 27 маусым күні № 71 келісім шарты жасалды. Құрылыстың жалпы құны – 546 365,9 мың теңге. Ағымдағы жылға республикалық бюджеттен 126926,9 мың теңге бөлінді. 2020 жылға 419439,0 мың теңге. Жобаға авторлық қадағалаушы – «Икар строй»ЖШС-і, техникалық қадағалаушы - «NK ENTA» ЖШС-і.

Бүгінгі күні мердігер ұйым тарапынан қажетті материалдар алынып, диаметрлері 110 мм-1800 метр труба, 180 мм - 3185 метр труба, 25 мм – 1271 метр, жалпы 6256 метр труба төсеу жұмыстары атқарылды.

Нысан 2020 жылға өтпелі.

Тұрғындар саны 50-ден 200 адамға дейінгі ауылдық елді мекендерде суды тазартудың блоктық-модульдік құрылымының құрылысын орнату мақсатында, облыстық бюджеттен Күршім ауданы бойынша Ақши, Топтерек, Қыстау-Күршім ауылдарына ұңғымаларды бұрғылау және блоктық-модульді орнату жұмыстарына 30 150,3 мың теңге қаражат бөлініп (әр қайсысы 10050,1 мың тг), Жиделі ауылына ұңғыма бұрғылау және блоктық-модульді орнату жұмыстарына аудандық мәслихаттың 31 шілдедегі кезекті сессиясында №40/5-VI шешімімен 10050,1 мың теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар, Бірлік, Ақжайлау, Үшбұлақ, Шанағаты, Қайнар және Былғары-табыты елді мекендеріне ұңғыма бұрғылау және блоктық-модульді орнату жұмыстарына облыстық бюджеттен 48 275,0 мың теңге қаражат бөлінді. мердігер ұйым «Теректі» КМК.

Аббаттандыру, көріктендіру жұмыстары бойынша:

Күршім ауданы бойынша «Жас Өркен» бағдарламасы шеңберінде 6000 түп көшет отырғызу жоспар тапсырылған. Аталған бағдарлама аясында «Күршім орман шаруашылығы» КМК-нан 5201 түп көшет, «Марқакөл орман шаруашылығы» КМК-нан 800 түп көшет босатылып, барлығы 6001 түп көшет отырғызылды. Сонымен қатар, «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» бір реттік акциясы негізінде 1351 түп көшет, әр сенбіліктерде қоршауларда қурап қалған көшеттердің орындарына және арнайы қоршаулар мен көпшілік демалатын орындарға 1000 түп көшет отырғызылды.

Күршім ауданы бойынша 3 қазан күні барлық білім мекемелерінде түсіндірме жұмыстары, экологиялық сағат өткізілді. Оқушылардың қатысуымен мектеп, балабақша маңындағы арнайы қоршауларға 1000 түп көшет (шарша, жеміс ағаштары, Қазақстан терегі) отырғызылды. Акцияға қатысушылардың барлығы қажетті құрал-жабдықтармен (күрек, қолғап және басқалары) қамтамасыз етілген.

12 қазан барлық ауылдық елді мекендерде қоршауларға, көпшілік демалатын орындарға акция негізінде қосымша 1000 түп ағаш көшет отырғызылды. Жалпы аудан бойынша 10352 түп көшет отырғызылды.

Ағымдағы жылы «Аудан орталықтарын және 100 ауылдық елді мекенді абаттандыру» бағдарламасы аясында облыстық бюджет қаражаты есебінен Күршім ауылына – 110000,0 мың.теңге, Марқакөл, Боран, Сарыөлен, Қалжыр ауылдарына – 10000,0 мың.теңгеден бөлініп, төмендегідей жұмыстар атқарылды:

1. «ШҚО Күршім ауданы Күршім ауылын абаттандыру» жобасы бойынша:

1) «Күршім ауылы Духович көшесін абаттандыру». Мердігер ұйым - «Аgm service» ЖШС-і. Мердігер ұйым тарапынан демонтаж жұмыстары, қашаларды орнату, жиек тастар және жаяу жүргіншілер жолына тақтайшалар төселіп, балалар ойын алаңы, шамдар орнатылды.

2) «Күршім ауылы, Тоқаев көшесіне тротуар орнату». Мердігер ұйым - «Рrogect mine» ЖШС-і. Мердігер ұйым тарапынан қажетті материалдар

алынып, қиыршық тас төселіп, трамбовка жасалып, жиек тастар орнатылып, 1620 метр жолға тротуар салынды.

3) «Күршім ауылында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері монументін орнату және маңайын абаттандыру». Мердігер ұйым - «Аgm service» ЖШС-і. Мердігер ұйым тарапынан монумент орнатылатын орын тегістеліп, тұғыры құйылып, флагштог, шам орнатылып, рәміздер қойылып, қоршау жұмыстары атқарылды.

4) Күршім ауылында жасанды жабыны бар футбол алаңын салу және «Workout» спорт алаңын орнату. Мердігер ұйым - «ЕРА Құрылыс» ЖШС-і. Мердігер ұйым тарапынан 1 жиынтық турник, 1 жиынтық спорт кешен, 1 жиынтық жас атлет, қоқыс тастау жәшігі – 2 дана, орындық 4 дана, жасанды жабыны бар футбол алаңын орнату, қақпа, қоршау, 4 дана шам орнатылды.

2. «ШҚО Күршім ауданы Марқакөл ауылын абаттандыру» жобасы бойынша Марқакөл ауылындағы «Мәңгілік Ел» саябағын абаттандыру атқарылды. Мердігер ұйым - «Марқакөл жолдары» ЖШС-і. Мердігер ұйым тарапынан қоршау, қақпа, 4 дана - профнастила шатырынан жазғы күркелер орнату, 20 дана – орындық, сәндік қоршау, 1 жиынтық - балалар ойын кешені (2,980 м х 2,925 М х 2,600 м), гүлзарларды қоршау, фонтан және 20 дана шам орнатылды.

3. «ШҚО Күршім ауданы Сарыөлең ауылын абаттандыру» жобасы бойынша жасанды жабыны бар футбол алаңын орнату және балалар ойын алаңын орнату жұмыстары атқарылды. Мердігер ұйым - «Данияр» ЖК-і. Мердігер ұйым тарапынан 2 дана – қақпа, жасанды жабыны бар футбол алаңын орнату, қоршау, 4 дана шам орнату, 1 жиынтық – балалар ойын алаңын орнатылды.

4. «ШҚО Күршім ауданы Қалжыр ауылын абаттандыру» жобасы бойынша жасанды жабыны бар футбол алаңы орнатылды. Мердігер ұйым - «Нұр-Асыл-Сервис» ЖШС-і. "Workout" спорт алаңы орнатылды. Мердігер ұйым - «ЖАС» ЖШС-і. Жоба бойынша 1 жиынтық турник, 1 жиынтық спорт кешен, 1 жиынтық жас атлет, қоқыс тастау жәшігі – 2 дана, орындық 4 дана, жасанды жабыны бар футбол алаңын орнату, қақпа, қоршау, 4 дана шам орнатылды.

5. «ШҚО Күршім ауданы Боран ауылын абаттандыру» жобасы бойынша жасанды жабыны бар футбол алаңын орнату және «Workout» спорт алаңын орнату жұмыстары атқарылды. Мердігер ұйым - «Марқакөл жолдары» ЖШС-і. Мердігер ұйым тарапынан 1 жиынтық турник, 1 жиынтық спорт кешені, 1 жиынтық жас атлет, қоқыс тастау жәшігі – 2 дана, орындық 4 дана, жасанды жабыны бар футбол алаңын орнату, қақпа, қоршау, 4 дана шам орнатылды.

Жол құрылыс жұмыстары бойынша:

Күршім ауданы бойынша 990 шақырым автомобиль жолдары бар. Оның ішінде 363 шақырым аудандық маңызы бар, 551 шақырым облыстық маңызы бар, 76 шақырым республикалық маңызы бар жол.

Республикалық маңызы бар ұзындығы 76 шақырымды құрайтын «Омбы-Майқапшағай-Боран-Қалжыр-Марқакөл» жолын «ДЭУ-33» жол ұйымы күтіп-ұстаумен айналысады. Бүгінгі күні аталған жол бойындағы қоқыстарды жинау, шөптерді шабу жұмыстары атқарылды.

Облыстық маңызы бар 551 шақырым жолдың 496 шақырымын №5 Күршім жол жөндеу учаскесі, 55 шақырымын №7 ПДУ жол ұйымы күтіп-ұстайды.

Бүгінгі таңда ШҚО әкімдігінің жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «ОблШығысЖол» КМК мекемесі тарапынан облыстық маңызы бар жолдарға төмендегідей жұмыстар атқарылды:

- «Күршім-Қалжыр»-Бурабай-Маралды» (0-75 ш),«Күршім-Қалжыр»-Маралды»-Теректібұлақ» (0-11 ш), «Күршім-Қалжыр»-Ақсуат» (0-47 ш) жолдарын тегістеп, қыру жұмыстары;

- «Күршім-Қалжыр» жолының 0-131 шақырым жолындағы жол жарықтарын битуммен толтыру жұмыстары;

- «Үлкен Нарын - Күршім» және «Күршім-Қалжыр» жолдарында темір сигналдық бағаналарды орнату;

- 96 дана жол белгілерін ауыстыру және орнату;

- 59200 ш2 асфальтобетон жамылғысының шұңқырларын жамау («Күршім-Қалжыр» (0-131 ш) және «Күршім-Қалжыр»-Бурабай-Маралды» (4-9 ш);

- жол жиегіндегі карантиндік арамшөптерді химиялық өңдеу;

- жол бойындағы жасанды құрылыстарды жөндеу, элементтерді боюу;

- «Марқакөл-Ұрынхай-Төсқайың» жолына 80 м темір бетонды Джерси блоктарын орнату;

- қисық желілі брустарды жөндеу;

- «Марқакөл-Ұрынхай-Төсқайың» және «Күршім-Қалжыр-Ақбұлақ-Қарой-Ашалы» бағытындағы жолдарға 162 дана темір бетонды шақырымдық көрсеткіш орнату;

- «Үлкен Нарын - Күршім», «Күршім-Қалжыр»,«Күршім-Қалжыр»-Бурабай-Маралды» (0-9) бағытындағы жолдарға 182 шақырым жол таңбасын сызу жұмыстары.

Сонымен қатар, «Үлкен Нарын - Күршім» жолының 93-106, 116-128, 128-135 шақырымдарына орташа жөндеу жұмыстары атқарылды. 128-135 шақырым аралығын жөндеуді «Дороги Востока» ЖШС-і, 93-106 және 116-128 шақырым аралықтарын жөндеуді «ОблШығысЖол» КМК атқарды. Жалпы 32 шақырым жолға жөндеу жұмыстары атқарылды.

Аудандық маңызы бар 363 шақырым автомобиль жолының 205 шақырымы «жақсы» және «қанағаттанарлық» жағдайда, бұл дегеніміз 56,5 пайызды құрайды. Бүгінгі күні жолдардың жағдайын жақсарту мақсатында аудандық маңызы бар «Күршім-Алғабас», «Топтерек ауылына кірме жол», «Марқакөл-Ұрынхай-Төсқайың»-Шанағаты», «Марқакөл-Ұрынхай-Төсқайың»-Балықтыбұлақ», «Күршім-Ақсуат»-Жолнұсқау», «Маралды-Үшбұлақ» жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінен 2019 жылдың 18 қаңтарында № 373 ведомстволық сараптамасы алынып, облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім өткізілгенімен, ағымдағы жылға қаражат бөлінбеді

Жобалық сметалық құжаттамалар бойынша:

1. «ШҚО, Күршім ауданы, Күршім ауылындағы су құбыры желісін қайта жаңарту» жобасына облыстық бюджеттен 9800,0 мың теңге бөлінді. 8330,0 мың теңгеге «Строительная группа архитектор» ЖШС-і жобалаушы мекемесі ұтып алды. Мердігермен ағымдағы жылдың 18 маусымы күні № 62 келісім-шарты жасалды.

Келісім-шартқа сәйкес ЖСҚ әзірлеу уақыты – 30.11.2019 ж;

Мемлекеттік сараптама құны - 1 400,0 мың теңге;

Су құбырының ұзындығы – 50 шақырым;

Үнемделген қаржы – 1470,0 мың теңге облыстық бюджетке қайтарылды.

Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде, жер құжаттарын әзірлеуге қажетті сомма – 2 833,816 мың теңге. Күршім аудандық мәслихат сессиясына қаражат бөлу бойынша 3 рет ұсынылды (маусым, шілде, қазан).

Облыстық басқармаға ЖСҚ әзірлеу үшін қайтадан мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу үшін, бюджеттік өтінім тапсырылып, тиісті қаражат сұралады.

2. «ШҚО, Күршім ауданы, Марқакөл ауылындағы су құбыры желісін қайта жаңарту» жобасына облыстық бюджеттен 7000,0 мың теңге бөлінді. 5950,0 мың теңгеге «Строительная группа архитектор» ЖШС-і (Шымкент қаласы) жобалаушы мекемесі ұтып алды. Мердігермен ағымдағы жылдың 21 маусымы күні № 66 келісім-шарты жасалды.

Келісім-шартқа сәйкес ЖСҚ әзірлеу уақыты – 30.11.2019 ж;

Мемлекеттік сараптама құны - 1 300,0 мың теңге;

Су құбырының ұзындығы – 38 шақырым;

Үнемделген қаржы – 1050,0 мың теңге облыстық бюджетке қайтарылды.

Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде, алайда 2019 жылдың аяғында жер құжаттарын әзірлеуге қажетті сомма – 1 020,688 мың теңге. Күршім аудандық мәслихат сессиясына қаражат бөлу бойынша 3 рет ұсынылды (маусым, шілде, қазан).

Облыстық басқармаға ЖСҚ әзірлеу үшін қайтадан мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу үшін, бюджеттік өтінім тапсырылып, тиісті қаражат сұралады.

3. «ШҚО Күршім ауданы, Күршім ауылында 36 пәтерлі тұрғын үй салу құрылысы» жобасының жобалаушы мекемесі «ШығысҚұрылысЖоба» ЖШС-і. Мердігермен 2019 жылдың 05 қарашасы күні № 129 келісім-шарты жасалды. Келісім шарт сомасы 6 958,3 мың теңге.

Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптамадан өткізуші мердігер «ЭкспертТехСтрой» ЖШС-і берген ескертулерді дүзеу жұмыстары атқарылуда. Сараптамада сметалық құжаттамалары қаралуда.

4. «ШҚО Күршім ауданы, Күршім ауылында 2 пәтерлік 10 тұрғын үй салу құрылысы» жобасының жобалаушы мекемесі «ШығысҚұрылысЖоба» ЖШС-і. Мердігермен 2019 жылдың 12 желтоқсаны күні № 159 келісім-шарты жасалды. Келісім шарт сомасы 5000,0 мың теңге.

Жалпы бөлінген қаражат 5000,0 мың теңге;

Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Сараптама қорытындысын «ЭкспертТехСтрой» ЖШС-і берді. 31.12.2019 ж № ЭТС – 0134/19.

5. «ШҚО, Күршім ауданы, Барақ Батыр ауылындағы су құбыры желісінің құрылысы» жобасының жобалаушы мекемесі «ҚазЖобаСаулет-Консалдинг» ЖШС-і. Мердігермен ағымдағы жылдың 23 мамыр күні № 43 келісім-шарты жасалды. Келісім шарт сомасы 5 800,0 мың теңге.

Құрылыстың жалпы құны – 287 327,311 мың теңге;

Келісім-шартқа сәйкес ЖСҚ әзірлеу уақыты – 2018 жылдың 30 тамызы.

Жалпы бөлінген қаражат 17 400,0 мың теңге;

Мемлекеттік сараптама құны - 1 467,0 мың теңге;

Үнемделген қаржы – 10 133,0 мың теңге.

Жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптамадан өткізуші мердігер «ЭкспертТехСтрой» ЖШС-і, сараптама қорытындысы мердігер ұйымның қаражат есебінен алынатын болады.

6. «ШҚО, Күршім ауданы, Күршім ауылындағы кәріз желісін және кәрізді тазарту құрылғыларын қайта жаңғырту құрылысы» жобасының жобалаушы мекемесі «Востокагропромпроект» ЖШС-і. Мердігермен ағымдағы жылдың 21 мамыр күні № 37 келісім-шарты жасалды. Келісім-шарт құны 13 888,0 мың теңге.

Жалпы бөлінген қаражат 20 000,0 мың теңге;

Мемлекеттік сараптама құны - 1 500,0 мың теңге;

Үнемделген қаржы – 4612,0 мың теңге.

7. «ШҚО Күршім ауданы, Марқакөл ауылындағы кәріз желісін және тазарту құрылғыларының құрылысы» жобасының жобалаушы мекемесі «Востокагропромпроект» ЖШС-і. Мердігермен ағымдағы жылдың 29 маусым күні № 67 келісім-шарты жасалды. Келісім-шарт құны 15 232,0 мың теңге.

Жалпы бөлінген қаражат 20 000,0 мың теңге;

Мемлекеттік сараптама құны - 1 500,0 мың теңге;

Үнемделген қаржы – 3 268,0 мың теңге.

Келісім-шарт бойынша ЖСҚ дайындау 2019 жылдың маусым айы.

Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттары дайын.

8. «ШҚО Күршім ауданы, Ақсуат ауылындағы 25 тұрғын үй салу құрылысы» жобасының жобалаушы мекемесі «Востокагропромпроект» ЖШС-і. Мердігермен 2019 жылдың 6 маусымы күні № 26 келісім-шарты жасалды. Келісім шарт сомасы 10 128,828 мың теңге.

Жалпы бөлінген қаражат 13 139,0 мың теңге;

Мемлекеттік сараптама құны - 1 222,7 мың теңге;

Үнемделген қаржы – 3 011,0 мың теңге.

Келісім-шарт бойынша ЖСҚ дайындау 2019 жылдың қараша айы.

Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Сараптама қорытындысын «ЭксПро2050» ЖШС-і берді. 22.01.2020 жылы №ЭКСПРО-0002/2.

9. «ШҚО Күршім ауданы, Марқакөл ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының» жобалық – сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы 2020 жылдың 3 ақпанында жаряланады.

Тұрғын үйді пайдалануға беру және құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша:

Құрылыс жұмыстарының көлемі: 2019 жылға жоспарланған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 2,1 млрд. теңге. жыл қорытындысы бойынша 2,5 млрд теңгеге құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылып, жоспар артығымен орындалды.

Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша:

2018 жылдың қорытындысы бойынша Күршім ауданында жеке тұрғын үй құрылысының орта есеппен 1 м2 ауданы 85 000 теңгеге тең болды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша Күршім ауданында жеке тұрғын үй құрылысының орта есеппен 1 м2 ауданы 100 000 теңгеге тең. Бұл 2018 жылдың көрсеткішісімен салыстырғанда 1,18 есе жоғары. Ауданда 2018 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 1300 м2, ал 2019 жылдың қорытындысы бойынша 2130 м2 құрайды. 2018 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй саны – 23, тұрғын үйлердің жалпы құны 213 000 000 теңгені құрайды. Күршім ауданы бойынша 2019 жылы бекітілген жоспарға сай, әрбір ауылдық округтеріне жылдың басына пайдалануға берілген тұрғын үйлердің

жоспарланған көлемі бойынша бірнеше рет хат жолданып, жоспарды орындаулары талап етілді. Атап айтқанда, 2018 жылға Күршім ауылдық округі бойынша 650 м2 көлемде тұрғын үй пайдалануға беруге жоспарланған, орындалған көлемі 764 м2 (117 %), Марқакөл ауылдық округі бойынша 50 м2 көлемде жоспарланған, орындалған көлемі – 62,5 м2 (125 %), Боран ауылдық округі бойынша 50 м2 көлемде жоспарланған, орындалған көлемі – 98,7 м2 (197 %), Маралды ауылдық округі бойынша 50 м2 көлемде жоспарланған, орындалған көлемі – 172,4 м2 (345 %), Қалғұты ауылдық округі бойынша 50 м2 көлемде жоспарланған, орындалған көлемі – 135,2 м2 (270 %), Төсқайың ауылдық округі бойынша 50 м2 көлемде жоспарланған, орындалған көлемі – 67,3 м2 (134 %). Сарыөлең, Қалжыр, Құйған, Абай, Балықшы, Ақбұлақ ауылдық округтері бойынша жоспарланған көлем орындалмаған.

«Кентішілік (қалаішілік), қала маңындағы және ауданішілік қоғамдық жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша қазіргі уақытта ауданішілік «Күршім-Қалжыр-Марқакөл», «Күршім ауылы ішінде», «Күршім-Қаратоғай» маршруттарында жолаушылар тасымалы бар. Ағымдағы жылы ауданішілік жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 7000,0 мың теңге көлемінде субсидия бөлінді.

Ауданның әлеуметтік мекемелері мен халыққа қажетті көмір бойынша

Күршім ауданы әкімдігінің «Күршім» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына қажетті 3500 тонна тас көмір, орталықтандырылған 3 жылытуқазандықтарына 3518 тонна тас көмір толығымен жеткізілді.

Күршім ауданы бойынша халыққа Күршім ауданы бойынша халыққа 25 000 тонна тас көмір, 22000 куб метр ағаш отын қажет. Қазіргі уақытта тас көмірдің 24 490 тоннасы тасылды, жалпы 98 пайызды құрайды, 22 000 куб метр ағаш отын жеткізілді, бұл дегеніміз 100 пайызды құрайды. Тас көмір және ағаш отынды тасымалдаушылар әр ауылдық округтің жеке кәсіпкерлері.

Дата публикации
01 января 2020
Дата обновления
01 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

24 февраля 2026
РЕФЕРЕНДУМ - 15 наурыз 2026 жыл
24 ноября 2025
Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету бойынша бейнекурс
Ақпарат
25 февраля 2025
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының қауіпсіздік паспорты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы