Күршім ауданы Абай ауылдық округі бойынша 2026-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы

Күршім ауданы Абай ауылдық округі бойынша

2026-2030 жылдарға арналған жайылымдарды

басқару және оларды пайдалану жөніндегі

жоспарды бекіту туралы

 

 

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңының 8-бабының 1) тармақшасына, 13-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 "Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 263 "Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Күршім ауданы Абай ауылдық округібойынша 2026-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілсін.
  2. Күршім аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы                         № 14/6-VIII "Күршім ауданы Абай ауылдық округі бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
15 апреля 2026