Бөліммен 14 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіліп отыр (4 қызметкер). 2025 жылы барлығы 674 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 414 -і электронды түрде немесе, 260-і қағаз түрінде. Осы мерзімде қызмет көрсету мерзімін бұзу, қызмет көрсету сапасы туралы қызмет алушылардан шағым-арыздар түсу фактілер тіркелмеген.
Барлық мемлекеттік қызметтер әр түрлі саладағы министрліктердің бұйрықтарымен бекітілген Ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Әр қызмет алушы өтініштерін тікелей қызмет беруші, «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпарация және «Электронды Үкімет» портал арқылы беруге құқылы.
Ғимараттың кіреберіс бөлмеде өзін-өзіне қызмет көрсету бұрышы орналасқан, үнемі бір маман қызмет алушыларға көмеккөрсетіп, әр түрлі кеңестер беріп отырады. Барлық мемлекеттік қызмет көрсету ережелері, стандарттарына стенд жасалынып, ғимараттың бірінші қабатында орналасқан. Қызмет алушы өзіне керекті мемлекеттік қызмет көрсету тәртібімен таныса алады.