Күршім ауданы жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсету 2025 жылғы есебі

Күршім ауданы жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілген

мемлекеттік қызметтер көрсету 2025 жылғы есебі

 

      2025 жылы 1721 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаларға – 1608 қызмет, заңды тұлғаларға – 113.

       Қағаз түрінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 231 қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаларға – 223 қызмет, заңды тұлғаларға-8.

       Қағаз түрінде мемлекеттік корпорация арқылы – 161 қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаларға – 161 қызмет, заңды тұлғаларға – 0.

       Электрондық түрде: 1329 қызмет (жеке тұлғаларға – 1224 қызмет, заңды тұлғаларға – 105), оның ішінде: электрондық түрде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 301; электрондық түрде «Е-лицензиялау» МДБ веб-порталы арқылы - 768 қызмет, оның ішінде жеке тұлғаларға – 663, заңды тұлғаларға – 105.

      Электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы – 260  қызмет, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз –169 қызмет, тікелей байланыс арқылы – 91.                                             
       2025 жылғы «Е-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы Күршім ауданы әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан шағым түскен жоқ.

 

 

Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат

 

        Күршім ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылау Қағидаларының 41-тармағы негізінде бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 2025 жылы 2 бақылау іс-шарасы аудандық сәулет, құрылыс, ТҮКШ, АЖ және ЖК бөлімі және кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінде өткізілді.

      Бақылау іс-шаралары барысында анықталған бұзушылықтар 69, оның ішінде:

-  мемлекеттік қызмет көрсетуде бизнес-процесстердің бұзылуы – 63 сәулет, құрылыс, ТҮКШ, АЖ және ЖК бөлімі;                      

- басқа да бұзушылықтар –1 сәулет, құрылыс, ТҮКШ, АЖ және ЖК бөлімі.                 

- статистикалық есептегі бұзушылықтар – 3.

- мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уәжді бас тартудың мерзімі – 2

      Жергілікті атқарушы органдардың (дербес бөлімдермен ауылдық округ әкімдерімен) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының 2026 жылға арналған Жоспар бекітілді.                                       
       Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтердің 66 түрі көрсетіледі және ол мемлекеттік қызметтердің 132 ішкі түріне бөлінеді, оның ішінде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 60 түрін немесе 92% көрсетеді.

       Әкім аппаратының персоналды басқару бөлімінің 2025 жылға арналған жоспарына сәйкес 4 мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курсына қатысты.

        2025 жылы 1 тоқсанында 4 мемлекеттік қызметкер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтті.                                     
       2025 жылы Күршім ауданы жергілікті атқарушы органдары арқылы 1261 мемлекеттік қызмет, оның ішінде – 1166 жеке тұлға, 95 – заңды тұлғаға мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Жыл басынан бастап мемлекеттік қызмет көрсету бойынша        6 дербес бөліммен «Онлайн» эфирлер арқылы – 3025 адамды қамтып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Мекемелерде қызмет алушыларға барлық жағдай жасалған, стенд орналасқан, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы қызмет алушылармен үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырылады.

«Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрыштары арқылы 2025 жылы 344 қызмет көрсетілген.

Сонымен қатар, ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес нормативтік құқықтық акті күшіне енген күннен бастап аудан әкімінің интернет-ресурсында қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттар тұрақты түрде өзектендіріліп отырылады.

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
20 марта 2026