Күршім ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 13 наурыздағы № 72 «Күршім ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЖОБАСЫ

 

Күршім ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 13 наурыздағы  № 72 «Күршім ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Күршім ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 13 наурыздағы  № 72 «Күршім ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегііс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде     № 9148-16 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Күршім ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

2-тармағында:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, шатырлар, кіреберіс жерлердегі қорғауыштар (қалқалар), шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);»

  6), 8) тармақшалар алып тасталсын;

  9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – кондоминиум объектісін басқаруға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауды және (немесе) қабылдауды қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы;»

  1. «Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ресми жарияланғаннан кейін Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Күршім ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Күршім

ауданының әкімі М.Альбеков

 

 

Дата публикации
16 марта 2026