Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы
Жас сайлаушылар клубы туралы ереже
- Жалпы ережелер
- Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы Жас сайлаушылар клубы (бұдан әрі-Клуб) Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясы регламентінің 6-т. 78-1-на сәйкес консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Осы Ереже клуб қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
- Клуб өз қызметін жүзеге асыру кезінде Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерімен, сондай-ақ өзге де органдар мен ұйымдармен, азаматтармен өзара іс-қимыл жасайды.
- Клуб туралы ереже Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітіледі.
- Жас сайлаушылар клубының мақсаты мен міндеттері
- Клубты құрудың мақсаты жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру болып табылады.
- Клубтың негізгі міндеттері:
1) жас сайлаушылардың сайлау мәдениетін арттырудың тиімді жолдарын анықтау;
2) жастар арасында сайлау құқықтарын түсіндіру бойынша заманауи тәсілдерді әзірлеу;
3) жастардың сайлау процесіне қатысуының өзекті мәселелерін қарастыру;
4) жас сайлаушылардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыру;
5) сайлау процесінің өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін талқылау, сондай-ақ білім беру және ағарту іс-шараларын ұйымдастыру үшін диалог алаңын құру.
- Жас сайлаушылар клубы мүшелерінің құрамы мен құқықтары
- Клубқа жастар ресурстық орталығының, коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, жас сайлаушылар, аудан мектептерінің жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері (келісім бойынша)қатыса алады.
- Клуб қатысушылары клуб отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие.
- Клуб мүшелері құқылы:
1) Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне ұсыныстармен жүгіну;
2) клуб отырысының хаттамасына қоса тіркелуге жататын клуб қатысушыларының өзге де пікірлерімен келіспеген жағдайда өз пікірін баяндау.
- Жас сайлаушылар клубының қызметін ұйымдастыру
- Клуб өз қызметін түрлі форматтағы отырыстар (іскерлік ойындар, шеберлік сыныптары мен семинар-тренингтер, конкурстар, кездесулер, дөңгелек үстелдер) түрінде жүзеге асырады.
- Клуб отырыстарын Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет шақырады және өткізеді.
- Клубтың қызметін қамтамасыз етуді, іс қағаздарын жүргізуді және отырыстардын ұйымдастыруды жүзеге асыратын жұмыс органы Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясы болып табылады.
- Жұмыс органы:
1) отырыстарды дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады;
2) клуб мүшелерін кезекті отырыс өткізілгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оның күні мен күн тәртібі туралы хабардар етеді;
3) клуб отырысы барысында, оның ішінде аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып хаттама жүргізеді.
- Қорытынды ережелер
- Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен енгізіледі.
- Клуб қызметі Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының шешімімен тоқтатылады.