Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 мамырда № 36186 болып тіркелді
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-33) тармақшасына және 10-8- бабының 1 тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасының |
Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) ақпараттық жүйенің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – ақпараттық жүйеге қол жеткізуді ұсынатын Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;
2) алдын ала тұрғын үй заемы – шарттық соманы алғанға дейiн негiзгi борышты өтеу талабынсыз, тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында шарттық соманың шегiнде салымшыға тұрғын үй құрылысы жинақ банкi беретiн нысаналы заем, ол бойынша қалдық осы Заңға, банктiң iшкi кредиттiк саясатына және банктiк заем шартының талаптарына сәйкес шарттық соманың есебiнен өтеледi;
3) аралық тұрғын үй заемы – жинақталған ақшаның ең төменгi қажеттi мөлшерiн жинақтау талабымен тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында салымшыға тұрғын үй құрылысы жинақ банкi беретiн нысаналы заем, ол бойынша қалдық осы Заңға, банктiң iшкi кредиттiк саясатына және банктiк заем шартының талаптарына сәйкес тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша шарттық соманың есебiнен өтеледi;
4) бірыңғай республикалық электрондық база – Заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдар тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;
5) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс.
6) жесір әйелдер (тұл ер адамдар) – асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар тұлғалар;
7) заем бойынша сыйақы ставкасы (бұдан әрі - ставка) – тұрғын үй құрылысы жинақ банкіне тиесілі ақшаның жылдық мөлшерін есептеуден негізгі борышқа проценттік қатынаста тұрғын үй құрылысы жинақ банкі берген заем үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы мен банк заемы туралы шарттар бойынша салымшы төлейтін проценттік ставка;
8) ипотекалық тұрғын үй қарызы – тұрғынжай салу не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берiлетiн ипотекалық банктік қарыз;
9) коммуналдық тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген, жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы тұрғын үйлер;
10) көпбалалы отбасы – көпбалалы отбасы – құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жалпы орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы немесе кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы;
11) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;
12) қатысушылар – Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, тұрғын үйге мұқтаж адамдар ретінде "Орталық тұрғын үйге қолжетімділік" электронды базасына тіркелгендер;
13) тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғынжай, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (мобильді) тұрғынжай).
Модульдік (мобильді) тұрғын үй деп арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің тұруына арналған және соған пайдаланылатын, жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және өзге де жабық объектілерде орналасқан объект түсініледі;
14) "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасы – Заңда айқындалған тәртіппен ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қойған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;
15) тұрғын үй сертификаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама шеңберінде және осы Заңға сәйкес тұрғынжай сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны;
16) уәкілетті орган – тұрғын үй қатынастары саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
17) Ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі (бұдан – әрі Отбасы банк) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға;
18) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
19) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру тәртібі
1-параграф. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай беру тәртібі
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне;
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;
5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;
6) жесір әйелдер (тұл ер адамдар);
7) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға;
8) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлардың немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бөлінеді.
1) бірыңғай республикалық электрондық базада немесе "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында есепке қою күні бойынша;
2) бірыңғай республикалық электрондық базаның немесе "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасының деректеріне сәйкес отбасы құрамында үш адамнан артық болған кезде отбасының (азаматтың) соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысымен отбасының әрбір мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) – көрсеткішінен аспайтын табыс немесе оның болмауы;
3) бірыңғай республикалық электрондық базаның немесе "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасының деректеріне сәйкес отбасы құрамында екі адамнан артық болмаған кезде отбасының (азаматтың) соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысымен отбасының әрбір мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,5 (үш жарым) – көрсеткішінен аспайтын табыс немесе оның болмауы;
Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында алынған:
еңбекақы түрінде алынатын табыстар, атап айтқанда: еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, уақытпен төленетін, сондай-ақ сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар, сондай-ақ ақшалай нысандағы ынталандыру және өтемақы төлемдері (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерлерге төленетін ақшалай сомаларды қоса алғанда, қаржыландыру көзіне қарамастан);
кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістер.
Бөлменің ауданы мен саны бойынша нормаға сәйкес келмейтін тұрғынжайды бөлуге жол берілмейді.
2-параграф. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесі арқылы жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру тәртібі
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне;
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;
5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;
6) жесір әйелдер (тұл ер адамдар)
7) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға;
8) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.
Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесі арқылы жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздары беру бойынша тұрғынжайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бөлінеді.
1-бөлім. 2% (екі пайыз) ставкасы бойынша жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызы
Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында алынған мынадай табыс ескеріледі:
еңбекке ақы төлеу түрінде алынатын кірістер, атап айтқанда: еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, уақытына қарай, сондай-ақ сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар, сондай-ақ ақшалай нысандағы ынталандырушы және өтемақы төлемдері (қаржыландыру көзіне қарамастан, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерлерге төленетін ақшалай сомаларды қоса алғанда);
кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс.
1) кредит беру мерзімі - 20 (жиырма) жылға дейін;
2) бастапқы жарна - қарыз сомасының кемінде 10% (он пайызы).
2-бөлім. 5% (бес пайыз) ставка бойынша жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызы
Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында алынған:
еңбекақы түрінде алынатын, атап айтқанда: еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, уақытына қарай, сондай-ақ сыйлықақылар, қосымша төлемдер, үстемеақылар, сондай-ақ ақшалай нысандағы ынталандыру және өтемақы төлемдері (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек ұжымдық шарттармен және жұмыс берушінің актілерімен);
кәсіпкерлік қызметтен.
1) кредит беру мерзімі - 20 (жиырма) жылға дейін;
2) бастапқы жарна - қарыз сомасының кемінде 10% (он пайызы).
3-бөлім. 7% (жеті пайыз) ставка бойынша жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызы
Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында алынған:
еңбекақы түрінде алынатын, атап айтқанда: еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, уақытына қарай, сондай-ақ сыйлықақылар, қосымша төлемдер, үстемеақылар, сондай-ақ ақшалай нысандағы ынталандыру және өтемақы төлемдері (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек ұжымдық шарттармен және жұмыс берушінің актілерімен);
кәсіпкерлік қызметтен.
1) кредит беру мерзімі - 20 (жиырма) жылға дейін;
2) бастапқы жарна - қарыз сомасының кемінде 10% (он пайызы).
4-тарау. Тұрғын үй сертификаттарын беру және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй сертификатын бір реттен артық алуына жол берілмейді.
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының) табысы болмаған жағдайда;
2) көрсетілетін қызметті алушыда және (немесе) онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары) отбасының әрбір мүшесіне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балалардан, оның ішінде негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалардан аспайтын еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары, олар кәмелетке толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын соңғы 6 (алты) ай ішінде еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды қоспағанда) орташа табысы болған жағдайда беріледі.
1) тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесі туралы жергілікті өкілді органның (мәслихаттың) шешімін;
2) тұрғын үй сертификаттарын беру туралы хабарландыруды жариялауды қамтамасыз етеді.
Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжаттардың, олардың табыстарының, жылжымайтын мүліктерінің, неке қию немесе бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болуы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), құжаттар, өтініш берушінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" шлюзі (сыртқы шлюзі) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден отбасының барлық мүшелеріне беріледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері берген жағдайда, оларды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес олар бекітілген немесе өзгерген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.
1) өтініш берушіден Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген өтініш берушінің құжаттары келіп түскен және ақпараттық жүйеде тіркелген күні олардың толықтығын, дұрыстығын және өтініш беруші мәртебесінің Тізбеге сәйкестігін тексереді;
2) 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізеді және өтініш берушінің веб-порталдағы "Жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы шешімі бар, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша түрін, сомасын немесе дәлелді бас тартуды көрсете отырып хабарлама жібереді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында не қағаз жеткізгіште оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту 1 (бір) күн ішінде жіберіледі.
Өтінім беруші белгіленген мерзімде Келісімге қол қоймаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Келісім жасасудан бас тартады.
1-бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлғаға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданатын лауазымды тұлға шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданатын лауазымды тұлға, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
|
|
Тұрғын үй жағдайларын |
|
|
Нысан |
|
|
___________ азаматтан |
Коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінетін тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайды алуға келісу туралы өтініш
Мен
_________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
коммуналдық тұрғын үй қорынан ___ бөлмелерден тұратын тұрғынжай алуға келісім
беремін _______________________________________________________
(берілетін тұрғын үйдің мекенжайы көрсетіледі)
___ қабатта, жалпы ауданы ___ шаршы метр.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
"__" __________ 20 __ жыл.
ЭЦҚ
|
|
Тұрғын үй жағдайларын |
|
|
Нысан |
|
|
___________ азаматтан |
Бас тарту туралы өтініш
Мен _________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін ___ бөлмеден тұратын тұрғынжайдан
бас тартамын
_________________________________________________________________
(берілетін тұрғынжайдың мекенжайы көрсетіледі)
___ қабатта, жалпы ауданы ___ шаршы метр, себебі
_________________________________________________________________
(берілетін тұрғын үйден бас тарту себебі көрсетіледі)
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
"__" __________ 20 __ жыл.
ЭЦҚ
|
|
Тұрғын үй жағдайларын |
Тұрғынжайды жалдаудың үлгілік шарты
Облыс, "______________" ___ қаласы __________ 20 ___ жыл
№ ________ шарт
Жалға беруші ______________________________________________________
(тұрғын үй беретін органның атауы)
___________________ негізінде әрекет ететін __________________________________
атынан
(құрылтай құжаттары)
Жалға алушы азамат (ша) атынан _____________________________________________
(жалдаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке куәлігі/паспорты)
________________________________________________________________,
(нөмірі, кім және қашан берді)
бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатын осы Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдау шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1-тарау. Шарттың мәні
|
№ |
Отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Туыстық дәрежесі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мынадай мекенжайда орналасқан:_______________________________________
_______ бөлмеден тұратын, пайдалы алаңы, _______ шаршы метр, оның iшiнде тұрғын
алаңы ________ шаршы метр, тұрғын емес алаңы ________ шаршы метр тұрғынжайды жалға (қосымша жалға) береді, оның сипаттамасы осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын тұрғынжайды қабылдау-беру актісінде көрсетілген.
2-тарау. Есеп айырысуды жүргізу тәртібі
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлем шоттарын Жалға беруші Жалға алушыға береді.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемді жалдаушы тиісінше республикалық немесе жергілікті бюджетке аударады.
1) Жалға алушы (қосымша жалға алушы) осы Шартты жасасқан сәттен бастап он күнтізбелік күн ішінде тұратын алғашқы айға толық көлемде алдын ала төлем жасайды;
2) одан кейінгі төлемді Жалға алушы есептесу кезеңінен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей жүргізеді. Төлем мерзімдері сақталмаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күнге төлем сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде өсімпұл есептеледі.
3-тарау. Тараптардың құқықтары
1) Жалға алушының немесе Жалға алушы отбасының кәмелетке толған мүшесінің келісімі бойынша және қатысуымен берілген тұрғынжайдың тұрғын және қосымша үй-жайларының техникалық қондырғылары конструкцияларының жай-күйіне тексеру жүргізуге;
2) осы Шартты "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 103-бабының негізінде бұзуға;
3) Жалға алушыны және онымен бірге тұратын адамдарды Заңның 107, 108-баптарында көзделген негіздер бойынша басқа тұрғын үй берместен одан шығаруға;
4) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін уақытында және толық аударым жасауға бақылауды жүзеге асыруға;
5) тұрғын үйді мақсатты пайдалануға бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
1) өзі және (немесе) өзінің отбасы мүшелері алты айдан артық мерзімде болмаған кезде Жалға берушіні бұл туралы жазбаша хабардар еткен және осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындаған жағдайда тұрғын үйді пайдалану құқығын өзіне қалдыруға;
2) Жалға алушы уақытша болмайтын тұрғын үйде тұрып жатқан Жалға алушының отбасы мүшелері бұрынғы талаптар бойынша тұрғын үйді пайдалануға құқылы. Бұл ретте олар осы Шарт бойынша құқықтарды жүзеге асырады және міндетті болады;
3) қажет болған жағдайда, Жалға берушіден тексеру актісін жасай отырып, берілген тұрғын үйдің, оның ішінде конструкциялар мен техникалық құрылғылардың жай-күйіне жоспардан тыс тексеру жүргізуді талап етуге;
4) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін аванспен төлемдер жасауға құқылы.
4-тарау. Тараптардың міндеттері
1) осы Шартқа Тараптар қол қойғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде Жалға алушыға қабылдау-беру актісі бойынша белгіленген техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және басқа да міндетті талаптарға жауап беретін жай-күйдегі тұрғынжай беруге;
2) тұрғынжайға күрделі жөндеу жүргізуге;
3) Жалға алушы (оның талабы бойынша) тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге арналған тарифтермен және есептемелермен таныстыруға;
4) егер тұрғынжай не тұрғын үй (тұрғын ғимарат) Тараптарға байланысы жоқ мән-жайлардың әсерінен мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз жай-күйге, авариялық жай-күйге түссе немесе бұзылуға тиіс болса, Жалға беруші үш ай мерзім ішінде Жалға алушымен өзге тұрғын үй-жайды жалдау шартын жасасуға не Жалға алушының қалауы бойынша осы Шартты бұзуға;
5) авариялар болған және форс-мажорлық ахуал туындаған жағдайда, оларды жою үшін дереу барлық қажетті шараларды қабылдауға;
6) Жалға алушыға осы Шартта белгіленген тәртіпте тұрғынжайға иелік етуге және пайдалануға кедергі келтірмеуге;
7) осы Шарттың талаптары немесе тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлем мөлшері өзгерген жағдайда тұрғынжайды пайдаланғаны үшін кезекті төлем енгізуге отыз күнтізбелік күн қалғанда Жалға алушыға осы жағдайды хабарлауға;
8) тұрғынжайды пайдаланғаны үшін кезекті төлем енгізгенге кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей мерзімі өтіп кеткен төлемдер үшін өсімпұл және айыппұл есептелгені туралы Жалға алушыға хабарлауға міндетті.
1) тұрғынжайды мақсатына сай пайдалануға;
2) тұрғынжайды техникалық жарамды және тиісті санитариялық- эпидемиологиялық жағдайда күтіп-ұстауға;
3) тұрғынжайды, ортақ пайдаланылатын орындарды пайдаланудың қағидаларын, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін және үй маңындағы аумақты күтіп-ұстау қағидаларын, өртке қарсы және техникалық қауіпсіздік қағидаларын сақтауға;
4) жалға (қосымша жалға) берілген тұрғынжайдың суды, электр энергиясын, жылу энергиясын есептеу аспаптарының, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелерінің, басқа элементтерінің анықталған ақаулары туралы Жалға берушіге уақтылы хабарлауға;
5) тұрғынжайды қайта жаңартуды, қайта жоспарлауды және қайта жабдықтауды жүргізбеуге;
6) тұрып жатқан тұрғынжайды (пәтерді, бөлмені) басқа жалға алушылармен ауыстыруды жүргізбеуге;
7) осы Шарттың талаптарына сәйкес белгіленген мөлшерде тұрғынжайды пайдаланғаны және коммуналдық қызметтер үшін уақытында төлем енгізуге;
8) күндізгі уақытта, ал төтенше жағдайлар кезінде түнгі уақытта да тұрғынжайдың элементтерін қарауды және жөндеуді жүргізу үшін Жалға берушінің жұмысшылары мен тұрғынжайға қызмет көрсететін және жөндейтін кәсіпорынның өкілдерін кіргізуге;
9) Жалға берушіге Жалға алушының немесе онымен бірге тұрып жатқан адамдардың кінәсінен болған тұрғын жайдың, жалпы пайдаланылатын орындардың, тұрғын үй (тұрғын ғимарат) мен оның жабдықтарының бүлінуіне байланысты залалдарды өтеуге;
10) осы Шарт бойынша өз құқықтарын кепілге бермеуге;
11) осы Шартты бұзған немесе оның мерзімі өтіп кеткен кезде он күнтізбелік күн ішінде Тараптар қол қойған тұрғынжайды беру актісі бойынша Жалға берушіге тұрғынжайды қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.
5-тарау. Жалдау шартын тоқтатудың негіздері, зардаптары және тәртібі
1) Шарт мерзімінің аяқталған;
2) Заңның 107-бабына сәйкес осы Шарттың қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған;
3) Жалға алушы және оның отбасы мүшелері басқа жерге тұрғылықты мекенге кеткен жағдайларда өзінің қолданысын тоқтатады.
Заңның 105-бабындағы негіздер бойынша осы Шарттың қолданысы тоқтатылған жағдайда Жалға алушы және оның отбасының мүшелері басқа тұрғынжай беріліп, шығарылуы мүмкін.
5-тарау. Тұрғынжайды қабылдау-беру мерзімі және тәртібі
6-тарау. Тараптардың мекенжайы және деректемелері
|
Жалға берушіь _______________________________ _______________________________ _______________________________ Тараптардың қолдары Жалға беруші ___________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) |
Жалға алушы ________________________________ ________________________________ ________________________________ Жалға алушы _____________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) |
Осы Шарттың талаптарымен таныстым:
Жалға алушының отбасы мүшелері:
|
№ |
Туысқандық дәрежесі |
Жалға алушының және отбасының кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілетті мүшелерінің аты-жөні |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тұрғын үй жағдайларын |
||
|
"Тұрғын үй сертификаттарын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
|||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
|
|
2 |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы |
|
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
3 (үш) жұмыс күні |
|
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
|
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Түрін, сомасын көрсете отырып, тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы шешім немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
|
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. 2) веб-портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
|
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) ЭЦҚ-мен куәландырылған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтініш; 2) осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттарын қоспағанда жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі; 3) ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның мөлшері сомасы туралы мәліметтерді қамтитын өтініш берушіге тұрғынжай сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің хатының электрондық көшірмесі. Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжаттардың, олардың табыстарының, жылжымайтын мүліктерінің, неке қию немесе бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болуы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), құжаттар, өтініш берушінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" шлюзі (сыртқы шлюзі) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден отбасының барлық мүшелеріне беріледі. |
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылады. 5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауы. |
|
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. 2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 3. Портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольдерді пайдалана алады. |
|
|
|
Тұрғын үй жағдайларын |
||
|
|
Нысан |
||
|
|
__________________________ |
||
Өтініш
Сізден бастапқы тұрғынжайды меншігіме сатып алу құқығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алу шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін:
_____________________________________________________________________
(сомасы цифрмен және жазбаша)
________________________________________________________________
теңге мөлшерінде тұрғын үй сертификатын беруіңізді сұраймын.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардар боламын және дербес деректер мен өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
20__ жылғы "___" ___________
|
|
Тұрғын үй жағдайларын |
|
|
Нысан |
|
|
____________________________ |
________________________________________________________________________
(органның атауы)
_______________________________________________________________________,
келіп түскен өтініш пен ұсынылған құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларына сәйкес және
_____________________________________________________________
(жергілікті өкілді орган бекіткен құжаттың атауын, нөмірін және күнін көрсету) ______
сәйкес ____________________________________________________________________
(сомасы цифрмен және жазбаша)
_____________________ (_________________________________________________)
теңге сомасына әлеуметтік көмек түрінде тұрғын үй сертификатын берудің мақұлданғанын хабарлайды.
Лауазымы Аты-жөні (бар болған жағдайда)
|
|
Қазақстан Республикасының |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК