2025 жылдың 1 жартыжылдығында аудан және ауылдық округ әкімдерінің халықпен кездесулерінің қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерді шешу бойынша іс-қимыл жоспары

2025 жылдың 1 жартыжылдығында

аудан және ауылдық округ әкімдерінің халықпен кездесулерінің қорытындысы бойынша 

проблемалық мәселелерді шешу бойынша іс-қимыл жоспары

 

№

Мәселе

Шешілу кезеңі

Жауапты орындаушы

Орындалуы

1. 

Күршім ауылына дене сауықтыру кешенін салу

2025-2026 жж.

Аудан әкімінің орынбасары (К.Азимбаев), Сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және автомобиль жолдары бөлімі (Т.Искакова)

ОРЫНДАЛУДА:

«Күршім ауылының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» жобасы бойынша:

Жоба 2025-2026 жылға өтпелі.

Мердігер ұйым - «DK Proekt» ЖШС-і;

Жобаның жалпы құны - 1 276 070,0 мың теңге;

2025 жылы 446 320,0 мың теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде:  РБ - 320 000,0 мың теңге, ОБ - 126 320,0 мың теңге.

Ағымдағы жылдың 1 қазанына 138 059,3 мың теңге қаражат игерілді. Оның ішінде: РБ - 30 939,2 мың теңге, ОБ- 107 120,1 мың теңге.

Жұмыстар атқарылуда.

 

 

2. 

Мал қорымдарының құрылысын уақтылы аяқтау

2025 ж.

Аудан әкімінің орынбасары (К.Азимбаев), Сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және автомобиль жолдары бөлімі (Т.Искакова)

ОРЫНДАЛУДА:

Биылғы жылы аудан бойынша 5 мал қорымының (скотомогильник) құрылысы жоспарланған. Қазіргі уақытта Құйған, Бурабай  ауылдарындағы мал қорымдарының құрылысы 95 пайызға аяқталған. Құрылысты аяқтау 2025 жылдың 30 қазанына дейін жоспарлануда.

Қалған Сарыөлең, Маралды, Ақсуат ауылдарындағы мал қорымдарының құрылысы жүргізілуде. Құрылысты аяқтау 2025 жылдың 15 қарашасына дейін жоспарлануда.

 

 

3. 

Бірлік ауылындағы 50 орындық мектептің құрылысын уақтылы және сапалы аяқтау

2025 ж.

Аудан әкімінің орынбасары (К.Азимбаев), Сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және автомобиль жолдары бөлімі (Т.Искакова), Білім бөлімі (Б.Елеубаев)

ОРЫНДАЛДЫ:

ШҚО Күршім ауданы, Бірлік ауылындағы                        50 орындық  мектебінің құрылыс жұмыстары 2024 жылдың шілде айында басталып, 2025 жылдың шілде айында аяқталуы жоспарланған. Қазіргі уақытта мектептің негізгі құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Сметалық құны 550 млн теңгені құрайтын мектеп құрылысы «СМУ ШЫҒЫС» ЖШС мердігерлік ұйымы тарапынан жүзеге асырылуда. Мектептің аумағы қоршалып, сыртқы және ішкі құрылыс жұмыстары толық аяқталды, су құбырының скважинасы орнатылып, су тартылды және септик орнатылды. Электр қуаты үшін сым желілері тартылып, трансформатор орнатылды, мекемеге қосылды. Салтанатты ашылуы                   30 тамыз 2025 жылы өтті.

4. 

Білім беру нысандарын жөндеу жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізуді қамтамасыз етсін.

2025 ж.

Аудан әкімінің орынбасары (А.Ижимов),

Білім бөлімі (Б.Елеубаев)

ОРЫНДАЛДЫ:

Білім бөліміне қарасты 8 мекеме бойынша:

1. «Алғабас орта мектебі» КММ-сі бойынша қазандықты ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өткізу және спортзалдын еденін ауыстыру бойынша ИП «Шамсуддинов» ұтып алды. Бөлінген қаражат мөлшері 11 670,0 мың теңге. Қазіргі танда мектеп спорт залының едені 100% жұмыс жасалды, от жағар ішін бұзу жұмыстары жүргізіліп, жұмыстың  75% орындалды (мердігер құрылыс материалдарын  әкелу керек).

2. «Күршім ауылының балабақшасы» КМҚК-да екі жобалық-сметалық құжаттамалары бойынша жалпы сома 41 885,2 мың теңге бөлінді, оның ішінде балабақшаның ішкі жұмыстарына-17 640,0 мың теңге, сыртқы абаттандыру жұмыстарына-24 245,2 мың теңге. Бүгінгі таңда мердігер «Ilyas_stroi» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ішкі жұмыстарды  толығымен 100% аяқтады. Атқарылған жұмыстар түрі:

- Балабақшаның барлық топтарының еденіне линолиум төселді, қол жуатын 10 раковина ауыстырылды, 10 дана жылы су беретін бойлер орнатылды, электр сымдары толығымен жаңартылды, 50 кв.м стендері тартылып ағартылды, терезелер ауыстырылды.

Екінші мердігер «Trafo KAZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  сыртқы жұмыстары бойынша абаттандыру жұмыстарының 100% орындады: ғимарат аумағындағы қоршауы толығымен жаңартылды, балабақша ғимаратының сырты қапталып, септиктар тазартылып, қосымша септик орнатылды.

3. «Барақ батыр негізгі  орта мектебі» КММ-нің мектеп спортзалына ағымдағы жөндеу жұмыстары  жүргізілді, бөлінген қаражат 4 690,0 мың тенге, спортзалдың жұмысы 100% жасалды, мердігер «JANBYR» ЖШС.

4. «Құйған орта мектебі» КММ-нің мектеп қазандығына  ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді,  бөлінген қаражат 8176,0 мың тенге, жұмыстары 100% жасалды, мердігер  ЖК «Айбар».

5. «Маралды орта мектебі» КММ-нің мектеп шатырына (төбенің шатырын ауыстыру)  ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 143 835,0 мың теңге бөлінді, шатырды жөндеу жұмысы 60% жасалды, мердігер                     «Еңбек-Өскемен». Жұмыстары толығымен  5 қараша  2025 жылы бітеді.

6. «№5 Күршім орта мектебі» КММ-да үш жобалық-сметалық құжаттамалары  бойынша жалпы сома 19 777,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде 2 800,0 мың теңге терезені ауыстыру, 9 177,0 мың теңге еден және есіктерді ауыстыру, 7 800,0 мың теңге мектептің оқу-өндірістік корпусының жөндеу жұмыстарына. Бүгінгі таңда  терезені ауыстыру  жұмыстары 100% аяқталды, мердігер ЖШС «Ақпласт». Еденді және есікті ауыстыру бойынша жұмыстары 100% аяқтады, мердігер ЖК «Сеилханов», мектептің оқу-өндірістік корпусының жөндеу жұмыстары 100% аяқталды, мердігер ЖК «Сеилханов».

7. 2025 жылдың 13 тамыз  күні облыстық сессияда қосымша Қойтас негізгі орта мектебіне  септик ауыстыруға 4 067,0 мың теңге бөлінді. Қойтас ОМ конкурстық процедура жүргізіліп мердігер «Ilias Stroi» ұтып алды, жөндеу жұмыстары 30 қыркүйек 2025 жылы 100% аяқталды.

8. Қазіргі танда Сарыөлең орта мектебіне терезе ауыстыруға  45063,0 мың теңге бөлінді. Сарыөлең ОМ конкурстық процедура жүргізіліп мердігер «Консиб Казахстан» ЖСШ  ұтып  алды. Терезе ауыстыру жұмыстары 17 қазан 2025 жылы басталды. Жөндеу жұмыстары толығымен 31 желтоқсан  2025 жылы бітеді.

5. 

Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету

2025-2026 жж.

Аудан әкімінің орынбасары (К.Азимбаев), Сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және автомобиль жолдары бөлімі (Т.Искакова)

ОРЫНДАЛУДА:

Күршім ауданында екі сумен жабдықтау нысаны бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде:

1. Күршім ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту.

Жобаның жалпы сметалық құны 2 094 412 330 теңге, оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарына (ҚМЖ) 1 713 674, 000 теңге қарастырылған. 2025 жылы жобаны іске асыруға 208 440 000 теңге бөлінді, оның ішінде 158 810 000 теңге игерілді. Ағымдағы жылдың соңына дейін қалған сомма 49 630 000 теңгені игеру жоспарда.

Қаражаттардың игерілуі:

–2023 жылы-326 000 000 теңге,

– 2024 жылы-319 975 100 теңге, 2024 жылы жобаға  түзету енгізіліп, оның соммасы   6 694 918 435 теңгені құрады, оның ішінде  ҚМЖ 5 751 655 896 теңге.

Жобаның техникалық сипаттамалары:
– су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы- 115 178 метр,
– ішкі алаңдық желілер- 399 метр,
– бірінші көтерілімдегі су сорғы станциялары- 4 дана,
– екінші көтерілімдегі су сорғы станциясы -1 дана,
– таза су резервуарлары (500 м³ көлемінде) - 2 дана,
– бақылау-өткізу пункті- 1 дана.

Бүгінгі күнге дейін 66 721 метр су құбыры желісі төселіп, 391 құдық орнатылды. Су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі- 2026 жыл.

2. Барақ батыр ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысын аяқтау.

Жобаның жалпы сметалық құны- 864 456 000 теңге, оның ішінде:

– құрылыс-монтаж жұмыстары- 742 848 000 теңге,
– өзге шығындар -121 608 000 теңге.

Бүгінгі таңда жұмыстар 95%-ға орындалды. 25 мм, 50 мм, 63 мм,   100 мм, 110 мм және 214 мм диаметрдегі су құбыры желілері төселді. Құдықтар орнатылып, бірінші және екінші көтерілімдегі сорғы станциялары, бақылау-өткізу пункті және әрқайсысы 100 м³ болатын 2 дана таза су резервуарлары салынды. 2025 жылы жобаны іске асыруға 131 621 000 теңге бөлінді, оның ішінде 121 197 117 теңге игерілді. Ағымдағы жылдың 30-қазанына  дейін қалған сомма 10 423 883  теңгені игеру жоспарда.

Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы-12 571 метр, оның ішінде тұрғын үйлерге дейін тартылған құбырлар да бар.
Магистральдық желі (110 мм диаметрде)-9952 метр. Нысан пайдалануға беруге дайындалуда.  Жоспар бойынша пайдалануға беру уақыты  30.10.2025 жыл.

 

 

 

 

6. 

Күршім ауылында жаңа балабақшаның уақтылы ашылуын қамтамасыз ету

2025 ж.

Аудан әкімінің орынбасары (А.Ижимов),

Білім бөлімі (Б.Елеубаев)

ОРЫНДАЛУДА:

Ауданда  «ЭПИОНА ЛТД»  ЖШС-іне  сенімгерлік басқаруға берілген (бұрынғы әскери бөлімінің балабақшасы) жеке меншік  балабақшаның жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жөндеуден өтіп жатқан балабақшасына жылу тарту бойынша  «АСТ Химпром» ЖШС мен аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арасында келісім шарт жасалған. Аудан әкімдігі тарапынан  360 000,0 мың  теңге бөлініп, су және жылу желілері қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Толық трансформаторлық қосалқы станциясы (КТП) 14 000,0 мың теңгеге сатып алынып орталыды. Бүгінгі күні ғимаратта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген түрлері-бұл: шатыры ауыстырылды, ғимараттың сырты  қапталды, пластикалық терезелер  орнатылды, аумақтың периметрі бойынша қоршалды, ғимарат ішіндегі барлық электр желісі, сондай-ақ сумен жабдықтау жүйесі ауыстырылды, бейнебақылау, өртке қарсы және күзет дабылдарды, дауыстық хабарлауды орнату жұмыстары аяқталды. Ішкі безендіруге арналған материалдар (құрғақ құрылыс қоспалары, плитка, линолеум, сантехника және т.б.) толық көлемде сатып алынды. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң 120 орындық балабақша ағымдағы жылдың желтоқсан айында ашылады деп жоспарланып отыр.

7. 

Аудандағы интернет мәселесі

2025 ж.

Аудан әкімінің орынбасары (К.Азимбаев), Сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және автомобиль жолдары бөлімі (Т.Искакова)

ОРЫНДАЛУДА:

Күршім ауданындағы 21 (13385 адам) ауылдың                    3 ауылында интернет желісінің жылдамдығы жақсы,                       10 ауылда орташа, 7 ауылда интернет мүлдемге жоқ                     (1092 адам). Яғни,  14 елді мекені  интернет желісімен қамтамасыз етілген. Ол дегеніміз 66,6 %-ды құрайды. Халық саны бойынша (12293 адам) 91,8 %.

Күршім ауданының интернет желісінің өткізу қабілеттілігі  3 ауылда жақсы (8-ден жоғары мбит/с) . Олар: Күршім, Ақсуат, Құйған ауылдары.

Барақ батыр ауылында интернет желісінің өткізу қабілеттілігі орташа (2-5 мбит/с).

10 ауылда интернет желісінің өткізу қабілеттілігі нашар (0,5-2 мбит/с). Олар: Топтерек, Алғабас, Бурабай, Теректібұлақ, Жолнұсқау, Қаратоғай, Маралды, Үшбұлақ, Бірлік, Сарыөлең ауылдыры.

Қалған 7 ауылда интернет мүлдемге жоқ, интернет желісі ұстамайды. Олар: Қойтас, Аманат, Ақши, Егіндібұлақ, Қайыңды, Қайнар, Қыстау-Күршім ауылдарында.

2023 жылы  интернет орнатылмаған елді мекендердің  3-не (Жолнысау, Үшбұлақ, Қалғұты елді мекеніне) антенна-діңгек құрылысын салу жобалары бойынша (ЖСҚ) жобалық сметалық құжаттамасы (ПСД) құжаттары дайындалып, сараптама қорытындылары (экспертиза) алынған болатын.

2024 жылы аталған жобалардың құрылысына қаражат бөлініп, 2024 жылдың 13 наурызында мемелекеттік сатып алу порталына рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып конкурс берілді:

- «Амангелді ауылының солтүстік - батысына қарай 7,3 км биіктікте биіктігі 40 метр антенна-діңгек құрылысын салу» бойынша 2024 жылдың 18 шілдесінде мердігер «Древстроймаркетинг» ЖШС мен 177 296 000,00 теңгеге № ДСП № 1  келісім шарт жасалды. Жұмыстар толық аяқталды.

- «Егіндібұлақ ауылының солтүстік-шығысына қарай 15 км биіктікте 35 метр антенна-діңгек құрылысын салу» жобасы бойынша 2024 жылдың 23 сәуірінде мердігер «ТОО ТехСервисПроект» ЖШС мен 147 348 068,25 теңгеге №33 келісім шарт жасалды. Жұмыстар толық аяқталды.

-«ШҚО Күршім ауданы Жолнұсқау ауылында биіктігі 30 метр антенна-діңгек құрылысын салу» жобасы бойынша  2024 жылдың 23 сәуірінде мердігер «Промстрой-Энерго» ЖШС («Гарант Строй Связь» ЖШС) мен 85 290 985.88 теңгеге №26 келісім шарт жасалды. Жұмыстар толық аяқталды.

-«Үшбұлақ ауылынан батысқа қарай 5,4 км жерде биіктігі 40 метр антенна-діңгек құрылысын салу» жобасы бойынша 2024 жылдың 18 шілдесінде мердігер «Древстроймаркетинг» ЖШС мен 147 348 068,25 теңгеге   № ДСП № 2 келісім шарт жасалды. Жоба 2025 жылға өтпелі.

Бүгінгі күні антенна-діңгек құрылысы құрастырылып, краскіленіп, 3 бөлігі орнатылды. Жұмыстар жалғасуда.

Құрылыс жұмыстары аяқталған антенна-діңгек құрылыстары 2025 жылдың 11 маусымында тіркеліп, нысандар   бөлімінің теңгеріміне қойылды. Амангелді, Егіндібұлақ, Жолнускау ауылдарындағы антенна-діңгек құрылыстарының құжаттары мемлекеттік мүлік тізілімі                 E-qazyna порталына енгізіліп, Beelin, Tele2, Актив, Алтел, Kcell байланыс операторларымен келісім шарт жасауға өтінім 2025 жылдың 20 маусым айында берілді.

15.07.2025 жылы операторлар тарапынан тексеру жұмыстары жүргізіліп,  24.07.2025 жылы операторлардың тексеру қорытындысы алынды.  29.07.2025 жылы, ауылындағы антенна-діңгек құрылысына байланысты операторлардың  ескертулері бойынша жұмыстар атқарылды.

26.08.2025 жылы келісім-шарт жасалды. 2025 жылдың қазан айының соңына дейін Beeline байланыс операторлары қажетті құрылғыларын орнату үшін жобаларын жасап құрылғыларын орнатқаннан кейін ауыл тұрғындарын beeline тарифімен, 3-4g интернет желісімен қамтамасыз етуді жоспарлауда.

8. 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша салынған үйлердің сапасын бақылау

2025 ж.

Аудан әкімінің орынбасары (К.Азимбаев), Сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және автомобиль жолдары бөлімі (Т.Искакова)

ОРЫНДАЛУДА:

Күршім ауданы бойынша ағымдағы жылы меморандум арқылы «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасына сәйкес 14 тұрғын үй салынуда.

Аталған тұрғын үйлердің сапалы салынуы бойынша аудан әкімінің орынбасарының, сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандарының және мердігерлердің қатысуымен 3 рет жиналыс өткізіліп,  мердігелерге эскиздік жобаға, заң талаптарына сәйкес салу жөнінде тапсырма беріліп, ескертілді.

Осы уақытқа дейін «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында салынып жатқан  үйлер бойынша 2 рет тексеріс жүргізілді. Бірінші тексерісті Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау (ГАСК) басқармасының және сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары, ал екінші тексерісті Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау (ГАСК) басқармасының және Күршім ауданы прокуратурасының өкілдері, сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары бірлесіп жүргізді. Тексеру нәтижесінде 14 үйде құрылыс талаптарына сай келмейтін кемшіліктер анықталды.

Аудан прокурорының өкілімен, аудан әкімінің орынбасары және сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушының қатысуымен нұсқауда көрсетілген заң бұзушылықтар қаралды. Заң бұзушылықтарға сәйкес сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушыға тиісті тапсырма беріліп, хаттама жасалды. Бүгінгі күні барлық ақаулар қалпына келтірілді. 2025 жылы салынып жатқан барлық үйлерге техникалық қадағалаушы анықталып, шарт жасалды.

Құрылыс барысы техникалық қадағалау қызметінің және құзырлы мемлекеттік органдардың қатаң бақылауында.

 

 

 

         

Дата публикации
01 октября 2025