Аудандық ішкі саясат бөлімінің 2024 жыл көлемінде атқарған жұмыстары туралы есебі
«Күршім ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ҚР Президентінің Жарлықтары, Үкімет қаулылары, ҚР «Саяси партиялар», «Бұқаралық ақпарат құралдары», «Үкіметтік емес ұйымдар», «Діни бірлестіктермен байланыс», «Жастар саясаты», «Мемлекеттік Рәміздер», «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат» туралы заңдарының талаптарын, облыс, аудан әкімінің қаулылары мен шешімдерін, тапсырмаларын басшылыққа ала отырып жұмыс атқарады.
Күршім ауданында өтіп жатқан шаралардың барлығы Жолдау аясында бекітілген аудандық жоспарға сәйкес депутаттар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ардагерлер, жастар, мұғалімдер, кәсіпкерлерден құрылған топ мүшелері елді мекендерге шығып, ауылдық округтердің жергілікті тұрғындарымен мектептерде, қоғамдық жерлерде, жастар ресурстық орталығында, кітапханаларда кездесулер өткізіп, 350 кездесу ұйымдастырылып, 15200 адам қамтылды.
Жолдау тақырыбына арналған, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттайтын көрнекі құралдар арқылы 134 құрылғыға 218 баннер ілінді. Сонымен қоса, барлық ауылдық округтерде көрнекі құралдар арқылы Жолдауды, мемлекеттік бағдарламаларды көптеп насихаттау мақсатында баннерлердің арнайы эскиздері жолданып, уақытында ілінуіне мониторинг жүргізіліп, бақылауға алынған.
«Діни бірлестіктермен байланыс», «Жастар саясаты», «Мемлекеттік рәміздер», «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат» туралы аудан әкімінің кеңесі отырысын тоқсанына 1 рет өткізіп, жоспарда бекітілген сұрақтарды талқылап, қосымша ұсыныстар қабылданады.
Ақпараттық жұмыстың негізгі бағыттарының бірі - «БАҚ арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бағдарламасы аясында, газет редакцияларымен келісімдер жасау арқылы мемлекеттік тапсырыстарды орындау, 19 тақырыптық бағытты әзірлеу және іске асыру, оның ішінде негізгі ережелерді іске асыру орындалды. Президент Жолдауының, мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың, кешенді жоспарлардың, экономикалық және әлеуметтік саладағы ауданды дамытудың өзекті мәселелерін шешу, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау шараларын түсіндіру, мерейтойларды, айтулы даталар мен оқиғаларды қамту жөнінде жұмыстар атқарылды.
Аудандық ақпараттық саласы екі тілде: қазақ/орыс тілінде шығатын бір «Күршім жаршысы» газетімен ұсынылған. Ауданымыздың 2 мыңнан астам тұрғыны аудандық газеттің тұрақты жазылушысы және оқырмандары.
«Күршім Жаршысы» газетінде «Жолдауға – қолдау» арнайы айдар ашылып, аудан тұрғындарының 150 пікір, сұхбат, мақалалар, сонымен қоса облыстық «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде 65 мақала жарияланды. Аудан әкімі сайтында 30, әлеуметтік желіде 250 материал орналастырылды.
Әкімдік отырысының бекітілген кестесіне сәйкес, 2024 жыл көлемінде ішкі саясат бөлімінің әр түрлі сұрақтары, мәселелері қаралып, талқыланып, тыңдалды.
2024 жылы мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы, қазақстандықтарды мемлекет тарапынан қолдау шаралары туралы қоғамның конфессияаралық және этносаралық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған мақалалар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы материалдар баспа басылымдары мен әлеуметтік желілерде жалпы 1000-нан астам материал жарияланды. Оның ішінде аудан әкімінің парақшасында 79 материал, Күршім ауданының әкімдігінің, ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік желілерінде 890 материал, аудандық баспасөз беттерінде 930 тематикалық мақала орналастырылды.
Республикалық баспа БАҚ – 5 материал
Облыстық баспа БАҚ – 25 материал
Республикалық телеканалдарда – 6 материал
Облыстық телеканалдарда – 26 материал.
2024 жылы Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Күршім ауданына қатысты 12 сыни материал анықталып, оларға тиісті ұйымдардан ресми түсініктемелер берілген.
2.Баспасөз басылымдары
2025 жылдың І жартыжылдығында аудан тұрғындарына 4500 дана мерзімді баспасөз құралдарына жазылу жоспары беріліп, 43,0 пайызға орындалды.
Барлық басылымдар бойынша белсенділік танытқан Абай, Сарыөлең, Қалғұты ауылдық округтерін атап өткен жөн.
3.Баннерлік өнімдерді шығару және орналастыру
Баннерлік өнім түріндегі әлеуметтік маңызы бар жарнаманы орналастыру арқылы «Таза Қазақстан», «Абайланыз, алаяқтар!», «Ауыл күні», «Мерекелік мерейтойлар» және т.б. түрлі тақырыптағы 620-дан астам баннерлер дайындалып, орналастырылды. Эскиздердің негізгі бөлігі Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасымен тікелей келісілген.
Жаңартылған, өңі кеткен, жыртылған баннерлерге үнемі мониторинг жүргізіліп, барлық ауылдық округтерде, елді мекендердің паспорттары үнемі жаңартылып отырады.
Күршім ауданында барлығы 81 нысан, оның ішінде мемлекеттік мекемелер, коммуналдық мемлекеттік мекемелер, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар бар.
Ғимараттың сыртында орналасқан Мемлекеттік Ту – 81 дана, Мемлекеттік Елтаңба – 81 дана, кабинеттер мен мәжіліс залдарындағы Мемлекеттік Ту – 84 дана, Мемлекеттік Елтаңба – 84 дана. Ғимараттың маңдайшаларында екі тілде мекеменің атауы жазылған тақтайшаларда орналасқан (диаметрі-12 см) Мемлекеттік Гербтердің саны – 162 дана, ғимараттардың ішінде Мемлекеттік Рәміздер орналасқан стендтер саны - 62.
2024 жыл көлемінде Мемлекеттік Рәміздерге комиссия мүшелері 45 рет рейдтік жұмыстар жүргізді.
5.Дін саласы.
Қоғамда толерантты діни сана мен радикалды идеологияға иммунитетті қалыптастыруға бағытталған діни жағдайды жақсарту мәселелерінде нақты жетістіктерді көрсете отырып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында төмендегідей жұмыстар атқарылды.
2024 жылдан бастап діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл шеңберінде ауданда 93 іс-шара өткізілді. Осы шараларды іске асыру барысында Күршім ауданында жамағаттар, жас сарбаздар, көпбалалы аналар, қандастар, Neet санатындағы жастар, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ жергілікті тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жалпы 630 адам қамтылды.
Сонымен қатар, республикалық, облыстық АТТ ауданға келіп, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдар бойынша 17 түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ақпараттық-түсіндіру тобы діни экстремизмнің, радикалды діни идеологияның және басқа теріс пиғылды көзқарастардың ықпалына ұшырамаған тұрғындар, әсіресе жастар арасында тағатты сана мен патриоттық сезімдерін нығайту, сондай-ақ бұрмаланған діни көзқарастардың қалыптасуын алдын алу мақсатында семинар, дөңгелек үстел, кездесулер және терроризмнің профилактикасы бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылып және радикалды діни идеологияның зияны туралы халық арасында 1300 дана ақпараттық буклеттер таратылды.
Тұрғындарға діни қатынастар саласында консультациялық және тәжірибелік көмек көрсетуге арналған облыстық 8 (7232)70-56-56 сенім телефонының жұмыс істейтіні туралы хабарландыру ауданның әлеуметтік желілерінде жарияланды.
Күршім ауданы бойынша жалпы 12 мешіт және 1 шіркеу (храм) бар. Жалпы аудан бойынша 13 имам жұмыс жасайды. 2 мешітте (Қалғұты, Аманат) имам жоқ. Аталған мешіттерде имам табу жұмыстары жүргізілуде.
Діни экстремизмге және терроризмге қарсы сипатта аудан бойынша барлығы 8 баннер орналастырылған. Ақпараттық топтың атқарған жұмыстары туралы аудан тұрғындарына жеткізу мақсатында аудандық «Күршім Жаршысы» газетінің «Имандылық» айдарында қараша айында 7 мақала шықты.
Сонымен қатар, Дін істері басқармасы мен жергілікті атқарушы органдардың қоғамда этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мен қолдауға бағытталған 35 бейнематериалдар мен әр түрлі посттар интернет желісінде жарияланды.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы әр аптаның жұма күндері мешіттерде айтылатын уағыздарға мониторинг жүргізіп отырды.
Аудан көлемінде діни әдеби кітаптар сататын орындар тіркелмеген.
Экстремистік сипаттағы сайттар мен ақпараттық материалдарды анықтау мақсатында Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері (SММ бөлімі) әлеуметтік желілерге үнемі мониторинг жүргізіп отырды.
Әлеуметтік желіде дәстүрлі емес, тотолитарлық және деструктивті секталар мен радикалды діни ағымдарының парақшалары немесе насихаттық іс-әрекеттері анықталмағандықтан құзырлы мемлекеттік органдарға хабарланған жоқ.
Ағымдағы жылы ауданда деструктивті діни ұйымдар, олардың жұмысы жайлы деректер тіркелген жоқ, діни ахуал тұрақты.
6.Ұлтаралық келісім.
Күршім ауданы бойынша халықтың жалпы санынан қазақ ұлты - 14572 (98,8%), орыс ұлты - 115 (0,78%),татар ұлты - 30 (0,20%), ұйғыр ұлты - 5 (0,03%) неміс ұлты - 9 (0,06%), тәжік ұлты – 7 (0,04%) құрайды.
Күршім ауданының Ақсақалдар кеңесі құрылып, құрамы мен ережесі бекітілді, құрамына 10 әр түрлі санаттағы адамдар кірді.
Аудандық Ақсақалдар кеңесі азаматтарды қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтары төңірегінде шоғырландыруға жәрдемдеседі, қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекет пен қоғамның «кері байланыс» тетіктерін ұйымдастырады, жастар арасында патриотизм идеяларын ілгерілетіп, жастарға патриоттық тәрбие береді, мемлекеттік органдарға әлеуметтік және тұрмыстық жанжалдарды шешуге жәрдемдеседі, халық арасында қоғамдық келісімді және этносаралық қатынасты нығайтуды қамтамасыз ету мәселелерінде білім және тәжірибесімен бөліседі.
Барлық өткізілетін іс-шаралар ауданда тұратын халықтар мәдениетінің өзара байытылуына және енуіне, азаматтық қоғамның тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді. Бүгінгі күні аудан бойынша этносаралық жағдайда шиеленісу фактілері анықталған жоқ. Ұлтаралық қатынас тұрақты.
Ауданда қоғамдық ұйымдар аудандық ардагерлер кеңесі, аудандық әйелдер кеңесі, «Іскер әйелдер кеңесі», ақсақалдар алқасы, АРС («Ауылдың рухы самғасын»), «Жан шуағы» (уақытша тоқтап тұр) үкіметтік емес жастар ұйымы, «АMANAT» партиясының Күршім аудандық филиалы белсенді жұмыс атқаруда. Олар қоғамдық маңызы бар шараларға белсенді қатысып отырады.
Аудандық ардагерлер кеңесі жылдағы дәстүрге сәйкес, «Ардақтайық ардагерлерді!» атты мерекелік концерттерін ұйымдастырып өткізді.
АРС («Ауылдың рухы самғасын») үкіметтік емес жастар ұйымы әлеуметтік тапсырыс аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында 15 іс-шара өткізіп, лекциялар оқылып, тематикалық плакаттар мен жадынамалар таратылып, 6 видеоролик жасалып, әлеуметтік желіде таратылды.
Ауданда 345 қоғамдық маңызы бар шаралар (2 форум, 15 акция, 23 байқау, 25 дөңгелек үстел, 5 жастар шеруі, 25 семинар, 250 ақпараттық насихат тобының кездесуі), 150 мәдени-көпшілік, 195 спорттық шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
8.Жастармен жұмыс
Күршім ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүзеге асырады.
Жалпы штат саны 13 бірлікті құрайды, оның ішінде директор, есепші, ұйымдастырушы-2, SMM маманы-3, техникалық персонал-5, әдіскер-1.
Аудан жастары жалпы тұрғындардың 35,3 пайызын құрайды, яғни 14-35 жас аралығындағы 5223 жас тіркелген. Оның 14-18 жас аралығында 1289 оқушы, 18-29 жас аралығында жастар саны - 1671, 29-35 жас аралығында 2263 адам бар.
Жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту бағытында бос жұмыс орындарының 5 жәрмеңкесі өткізіліп, 90 адамға кеңес берілді.
«Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 204 жұмыссыз жастар тіркелді. Өткізілген жұмыстар нәтижесінде:тұрақты жұмысқа – 113 адам, уақытша жұмысқа – 91 адам, жастар практикасына – 24 адам, алғашқы жұмыс орнына – 6 адам, ұрпақтар келісім шарты жобасына 1 адам жіберілді. Қысқа мерзімді курсқа 5 жас қатысты.
Ауданда NEET санатындағы жастар саны – 6 адам (Күршім-3, Балықшы-1, Құйған-1, Қалғұты-1).
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында бүгінгі күнге 15 жас тұрғын үй сатып алуға (10 білім саласы, 2 денсаулық саласы, 2 спорт саласы, 1 әлеуметтік сала), 22 жас көтерме жәрдемақы алды (17 білім саласы, 3 денсаулық саласы, 2 спорт саласы).
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бойынша 2024 жылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 3 жасқа мемлекеттік грант бөлінді.
Теректібұлақ ауылында 1 жас жеке кәсіпкер «Райымханов» ЖК тіркеліп, ауыл тұрғындары нан өнімдерімен қамтамасыз етуде болса, Күршім, Жолнұсқау ауылдарында 2 жас мал өсірумен айналысуда.