Мәдениет саласы
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде 10 штаттық бірлік бар. Оның ішінде 3-мемлекеттік, 7- техникалық қызметкерлер. Бөлімге бағынысты Күршім ауданының «Шабыт» КМҚК-да 77 штаттық бірлік, «Күршім ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де 21 штаттық бірлік.
Күршім ауданы бойынша 1 аудандық Мәдениет Үйі, 13 ауылдық клубтар аудан халқына мәдени қызмет көрсетуде. Халыққа жоғары деңгейде мәдени қызмет көрсетуге мәдениет қызметкерлері үлкен жауапкершілікпен қарайды. 2025 жылдың 5 ай қорытындысы бойынша ауданда 135 мәдени – көпшілік шаралар өткізіліп, 9914 көрермен қамтылды. 14 мәдени ошақта барлығы 61 көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс істеп, оған 750 адам қатысты. Оның ішінде 40 үйірме балаларға арналған. Аудан бойынша 4 «Халықтық» атағы бар, 1 «Үлгілі» ұжым жұмыс істейді. Аудандағы ашылған барлық мәдениет ошақтарында халықтың рухани талабын қанағаттандыру, тұрғындардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, қазақтың ұлттық өнерін халық арасында кеңінен тарату, өскелең ұрпақты ұлтшылдыққа тәрбиелеу, ұлттық өнерімізді дәріптеу мәдениет қызметкерлері арқылы жүзеге асып келеді. Бүгінде аудандағы мәдениет ошақтары үлкеннің де кішінің де сүйіп келер орнына айналып отыр. Өткізілетін әрбір мәдени шараға 200-ден аса көрермен қатысып отырады.
Атап айтар болсақ, аудан бойынша жоспарға сәйкес, әр жыл сайын мереке, мейрам күндері мәдени-көпшілік іс-шаралар концерттер, спектакльдер, театрландырылған қойылымдар, тақырыптық кештер, мерейтойлар, байқаулар, жарыстар, фестивальдер, кездесулер, салтанатты шерулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, уақытылы өткізіліп тұрады. Сонымен қатар, ұлттық дәстүрді жаңғыртуда дәстүрлі түрде әр жыл сайын іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтсақ, халықтың әндері мен күйлерін, салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында «Ауыл думан» бағдарламасы, жастарға арналған «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны», «Келіндер сыны», ұлттық салт-дәстүрге байланысты «Тұсау кесу», «Сырға салу», «Бесікке бөлеу», «Қыз ұзату» т.б. дәстүрлерді театрланған көрініс ретінде көрсетіп, халыққа кеңінен насихатталып отырады. Аудан көлемінде өткізілген мәдени-көпшілік шараларға барлық мекемелер және білім және денсаулық сақтау бөлімдерімен қоса ауылдық округ бірлесе отырып ат салысады.
Аудандағы мүмкіндігі шектеулі балалармен өнерге қызығушылықтарын арттыру мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде «Әкім шыршасы» шарасы өткізіліп тұрады және мәдени-демалыс кештері үнемі жоғарғы деңгейде ұйымдастырылады.
Есепті кезеңде аудан көлемінде 6 аудандық байқау ұйымдастырылды. Олар: «Аяулы келін-2025», «Наурыз аруы-2025», «Кел, билейік-2025», «Дәстүрлі әншілер» байқауы, «Сері жігіт-2025», Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған аудандық «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» атты округтер арасында көркемөнерпаздар байқауы.
Бекітілген жоспарға сәйкес аудандық және ауылдық кітапханалар мен клубтарда айтулы мерекелерге байланысты әртүрлі тақырыптағы кездесу кештері, тақырыптық кештер, дөңгелек үстелдер және концерттік бағдарламалар, әдеби-музыкалық кештер ұйымдастырылып өткізіліп тұрады.
Мәдениет саласы бойынша жетістіктерге тоқталар болсақ:
Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Зайсан аудандық Мәдениет үйінде өңір жастары арасында Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» атты облыстық ән байқауында жерлесіміз Өкейхан Қуашбек жүлделі 1 орынды иеленіп қайтты.
Аудан халқына қызмет көрсетіп отырған мәдени мекемелерінің материалдық-техникалық қоры жылдан жылға жақсара түсуде. Былтырғы жылы барлық мәдени ошақтарында ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті заттар алынып, берілді. Мәдениет қызметкерлері тек өздерінің күштерімен жөндеу жұмыстарын жүргізіп шықты. Қ.Тұрар атындағы аудандық Мәдениет Үйінің сахнасына ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жергілікті бютжеттен 25736,5 млн теңге бөлінді. 2024 жылдың маусым айында осы мәдени ошаққа жергілікті бюджеттен 17857,0 млн теңгеге «Газель» автокөлігі алынды. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен 5000,0 млн теңгеге әртістерге сахналық костюмдер тіктірілді.
2025 жылы Ақсуат ауылдық клубын жөндеу жұмыстарына 12438,0 млн теңге қаражат жергілікті бюджет есебінен бөлінді. Бүгінгі күнге жөндеу жұмыстары аяқталды.
Аудан орталығында облыстық тарихи-өлкетану мұражайының филиалы жұмыс істейді. Көптеген мәдениет нысандарында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандустармен жабдықталған. Ауданда жергілікті маңызы бар ескерткіштер саны – 93, оның ішінде сәулет ескерткіштері – 87. Жыл сайын ауылдық округтерге қарасты ескерткіштерге жергілікті бюджет есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстары (әктеу, сырлау) жүргізіліп отырады.
Ауданда 13 кітапхана жұмыс істейді. Аудан кітапханаларында тіркелген оқырмандардың жалпы саны 4512.
2025 жылдың 5 ай қорытындысы бойынша кітапханаларға келушілер саны 27423 адамды құрады, оның ішінде кітапхана сайттарындағы виртуалды келім саны 4389 болды. Аудан кітапханаларының кітап қоры 116994 дананы құрады, оның ішінде мемлекеттік тілде - 68170, ал орыс тілде - 48824 дана.
Кітапхана қызметі заман талабына сай автоматтандырылып, компьютерлендірілген. Жаңа технологиялар қажетті ақпараттарды пайдаланушыларға жылдам әрі қолжетімді болуға мүмкіндік береді.
Оқырмандардың сұраныстары дәстүрлі және ақпараттық технологиялардың ресурстары арқылы қанағаттандырылуда. Мысалы, қажетті электрондық кітапханалардан әдебиеттердің толық мәтіндерін қолданып, компьютерлік бағдарламалармен слайд жасап, «Canva» бағдарламасы арқылы кітаптарды насихаттау барысында виртуалдық көрмелер, «Filmora», «VN» програмалары арқылы бейнероликтер өңделіп оқырмандарға ұсынады. Кітапхананың «Facebook», Телеграмм мессенжерінде, әлеуметтік желілерінде тікелей эфир арқылы онлайн-кездесулер, онлайн танымдық сабақтар, түрлі слайдтар мен бейнероликтерді жасап оқырмандарға ұсынылады.
Аудан тұрғындарына компьютер және интернет желісінде жұмыс істеу негіздері бойынша тренингтер ұйымдастырылды. «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында» қарапайым тіркеуден бастап электрондық цифрлық қолтаңбаны, түрлі анықтамаларды алуға дейінгі қызметтерді қолдануға арналған экспресс-тренингтер қамтылды. Microsoft Office: Word, Excel, PowerPoint; интернеттен іздеу; мобильді қосымшалармен жұмыс бойынша тренингтер жүргізілді.
Кітапханада кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, кітапқа қызығушылықты арттыру, танымал қаламгерлердің кітаптарын насихаттау мақсатында тұсаукесер, әдеби-музыкалық кездесу, кештер өткізілді.
Әдебиет сүйер қауымның басын біріктіретін «Қаламгер», «Жас толқын», «Жас өркен» атты әдеби клубтар, «Менің сүйікті кейіпкерлерім», «Қолөнер», «Зергерлер» үйірмесі жұмыс істейді. «Күршім ауданы әкімдігінің аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ-нен қызмет алушылар және көзі көрмейтін, мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға «Тосқауылсыз кітапхана» жобасы бойынша жұмыс атқарылады. Ондай оқырмандарға кітапхананың барлық ресурстары мен қызмет түрлерін кедергісіз пайдалануларына мүмкіндік жасалып отыр. Оқырмандарға мәдени іс-шаралар талапқа сай өткізіледі.
Спорт саласы бойынша
Ауданда бүгінде спортпен халықтың жүйелі түрде шұғылдануы үшін қолжетімді 119 спорт объектісі бар. Олар: 20 спортзал, 13 атқыш тир, 1 стадион, 1 бассейн және 84 жердегі жазық спорттық құрылғылар бар.
Ауданның барлық ауылдарында спорттық құрылымдар орналасқан. Талапқа сай спортзалдарда спортпен жүйелі түрде айналысушылардың саны артуда. Ауданда спорт саласының инфрақұрылымын, спортпен айналысуға жасалған жағдайға тоқталатын болсақ, соңғы 11 жылда 11 спортзал, 1 стадион, 9 кіші футбол алаңы жасанды жабындысымен, 4 хоккей қорапшасы салынып, аудан тұрғындарының, соның ішінде жастардың пайдалануына берілді.
Аудандағы барлық спорт объектілері аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес жастардың, аудан тұрғындарының спортпен жүйелі түрде шұғылдануы үшін кешкі мезгілдерде және демалыс күндері тегін беріледі. Атап айтар болсақ, аудан мектептерінің 17, балалар спорт мектебінің 3 спортзалы сабақтан тыс, кешкі мезгілдерде және демалыс күндері ауыл жастарының спортпен айналысуы үшін тегін берілген. Барлық спортзалдарда қазан-сәуір айлары аралығына кесте жасалып, жауаптылар бекітілді. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде күнделікті кешкі сағ.19.00-21.00 аралығында кесте бойынша бекітілген жаттықтырушылар жастармен, тұрғындармен жаттығу жұмыстарын жүргізіп отыр.
Ауданда мекемелер мен кәсіпорын ұжымдары қызметкерлерінің бойында салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру бағытында жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, Күршім және Сарыөлең ауылдарындағы ипподром, Жастар ресурстық орталығындағы бильярд залы, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде үстел теннисі бөлмесі, «Қазақтелеком» АҚ-ң ғимаратында спорт алаңы және спорт бөлмесі, орталық саябақтағы жабық шахмат орны мен волейбол алаңы, Мульковое шағын аймақтағы волейбол алаңы, мектептердің, мекемелердің спорт залдарында, спорт алаңдарында күнделікті спорттық жаттығулар, ойындар өтуде. Қыс маусымында ауылдық округтер елді мекендерінде табиғи және жасанды мұз алаңшаларында шайбалы хоккей, пимамен хоккей ойындары, таулы елді мекендерде шанамен таудан сырғанау, шаңғы тебу жарыстарын өткізу жыл сайынғы дәстүрге айналды.
Аудандағы спорт саласындағы жұмыстарды ұйымдастырып, басшылық жасайтын мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі. Ауданда дене шынықтыру саласында 92 адам жұмыс істейді. Олар: жалпы білім беру мектептерінде - 41 мұғалім, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде - 40 жаттықтырушы, білім бөлімінде -1спорт әдіскері, спорт бөлімінде 1 спорт маманы, 2 спорт әдіскері, ауылдық округтерде -7 спорт мамандары бар. Дене тәрбиесі кадрларының 70-і жоғары, 22-і орта арнаулы білімді.
2025 жылдың 5 айы қорытындысы бойынша 65 спорттық іс-шара өткізілді. Оған шамамен 1600-дей адам қатысты.
Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде, атап айтсақ спорттық объектілердің санының артуы, оған халықтың қолжетімділігін қамтамасыз етудің және спорттық үйірмелердің, секциялардың тұрақты жұмыс істеуі арқасында спортпен жүйелі түрде айналысатын халық саны 6039 адамды құрады, бұл аудан халқының 43,3 %-ын құрайды. Жалпы аудан халқының саны - 13941.
Негізінен спорттың волейбол, футбол, кіші футбол, футзал, қол күресі, гір спорты, шайбалы хоккей, үстел теннисі, бильярд, шахмат, дойбы, көкпар, аударыспақ, қазақ күресі, шаңғыдан жастар мен жасөспірімдер арасындағы жарыстар өткізу жолға қойылған.
Ауданда өткізілген спорттық іс-шаралар:
шаңғы маусымының ашылуына орай аудан тұрғындары арасында шаңғы жарысы, Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай қазақ күресінен 2010-2011, 2012-2013, 2014-2015 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында ауданаралық турнир және 40 жастан асқан ерлер арасында волейболдан ауданаралық турнир, Ауған соғысында қаза болған жерлестеріміз Б.Рыспаев және С.Жеңісхановты еске алуға арналған негізгі орта мектеп оқушылары арасында үстел теннисінен аудандық турнир, 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі құрметіне волейболдан әуесқой әйелдер командалары арасында Күршім ауданы әкімінің Кубогы, Күршім ауданының волейбол спортының дамуына үлесін қосқан ардагер-спортшы Н.Бобылеваның туған күніне орай ерлер арасында өтетін аудандық волейбол турнирі, «Армысың ұлыстың ұлы күні» атты Наурыз мерекесіне арналған спорттық көпшілік шаралар - қол күресі, арқан тарту, гір көтеру, асық ату, бильярд жарыстары, аудан тұрғындары арасында кіші футболдан жарыс және т.б. ардагерлер, тұрғындар арасында үстел теннисі, бильярд, шахмат, дойбы жарыстары өткізілді.
Аудандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтармен спорттық жарыстар өткізілді. Күршім, Құйған, Сарыөлең, Абай, Маралды, Қалғұты ауылдық округтерінде мүгедектері бар адамдар арасында қол күресінен, дойбы, волейбол, «Көңілді старт» ойыны, футбол, үстел теннисі сияқты спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, өткізіліп отырады.
Ағымдағы жылдың 5 айында жоғары спорттық жетістіктер бойынша жеткен нәтижелер туралы айтар болсақ:
01-07 ақпаны аралығында Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында қол күресінен өткен Әлем Кубогында қыздар арасында Қалиқанова Мөлдір жүлделі орынға қол жеткізді.
Осы жарыста Ю. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің 9-сынып оқушысы Төкенов Ерназ қатысып, оң қолмен 1-ші орын, сол салмақта сол қолмен 2-ші орын алды. Бапкері Ашманов Заңғар Тоқанұлы.
15-16 ақпан күндері Өскемен қаласында қол күресінен облыстық турнир өтті. Турнир қорытындысы бойынша жерлестеріміз Тансықбаев Нұртас, Толықбаев Алпамыс, Қайырбаев Арман, Нұрсадықов Нұржан, Мұқажанов Құрманбек, Баймухамбетов Әлібек, Советханов Дархан, Қабылқайырұлы Амангелді жүлделі орындарға ие болды. Әйелдер арасында Сабирова Мадина, Каликанова Мөлдір жүлделі оралды.
15-16 ақпан күндері Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы ардагерлер кубогы болып өтті. Турнир қорытындысы бойынша жалпы 21 команда ішінен командалық 1 орынды, Ашубаев Шәріпхан жеке сында 2 орынды иеленді.
1 наурыз күні Тарбағатай ауданында волейболдан жасөспірімдер арасында өткен жарыста Күршім ауданы командасы 2-орынды иеленді. Жаттықтырушы Мусинов Дәурен.
5-6 наурыз күндері Өскемен қаласында жасөспірімдер арасында қол күресінен өткен Шығыс Қазақстан облысының чемпионатында Мұрат Есқат 2-орын, Советқанова Жадыра 3 орынды жеңіп алды. Жаттықтырушысы Советханов Дархан өзі де жастар арасында 90 кг салмақ дәрежесінде 1 орынды, Ғибрат Меруерт және Омарқанова Аружан 1 орындарды иеленді. Жаттықтырушысы Қалиқанова Мөлдір өзі де жастар арасында + 70 салмақ дәрежесінде 2 орынды иеленді. Нурдавлет Айдын, Токенов Ерназ, Кабденов Жалгас 1орын алды. Жаттықтырушысы Ашманов Заңғар.
25-26 наурыз күндері Тараз қаласында қол күресінен өткен Қазақстан Республикасының біріншілігінде жасөспірімдер арасында жерлестеріміз Токенов Ерназ, Қабденов Жалғас жүлдегер атанды. Бапкері Ашманов Заңғар. Жастар арасында Советханов Дархан жоғарыдан көрінді. Жеңімпаз жерлестеріміз Азия чемпионатына жолдама алды.
10 сәуір күні Өскемен қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық XVIII мемлекеттік қызметшілер спартакиадасында Күршім ауданы шахматтан 1 орынды иеленді.
2025 жылдың 2-11 мамыр аралығында Индия мемлекетінде Дели қаласында қол күресінен өткен 23-ші Азия чемпионатында ерлер арасында 100 кг салмак дәрежесінде Күршімнің тумасы Күршім ауданының тұрғыны Ашманов Занғар сол қолмен 1-ші орын, он қолмен 3-ші орынды иеленді.
2025 жылдың 2-11 мамыр аралығында Индия мемлекетінің Дели қаласында өтіп жаткан қол күресінен 23-ші Азия чемпионатында жастар арасында 60 кг салмақ дәрежесінде 1-ші орынды Күршім ауданының тумасы Токенов Ерназ иеленді. Осы жарыста қыздар арасында 90 кг салмақ дәрежесінде оң және сол қолмен Каликанова Мөлдір чемпион атанды.
Аудандағы жоспарланған аудандық спорттық, мәдени іс-шаралар kultura.sport.kurchum инстаграмм әлеуметтік желісінде және аудандық «Күршім жаршысы», облыстық «Дидар», «Менің Өлкем» газет беттерінде және аудан әкімі сайтында тұрақты түрде жарияланып, халық арасында насихатталып отыр.
Тілдерді дамыту
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөнінде Күршім ауданының 2023-2029 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, Күршім ауданы әкімдігінің 2024 жылдың 1 қаңтардағы № 6 қаулысымен бекітілді.
Аталған іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін аудандық бюджеттен 2025 жылы 466,0 мың теңге бөлінді.
Аудандағы 22 мектеп, мемлекеттік тілде тәрбие беретін 2 балабақша, 19 шағын орталық жұмыс атқаруда. Барлық мектептерде оқу бағдарламасына сәйкес, ағылшын, орыс тілдері оқытылады. Аудан мектептері жанынан сабақтан тыс 14 ағылшын тілі, 8 орыс тілі, 22 қазақ тілі үйірмелері жүргізіледі.
Бекітілген жоспарға сәйкес тіл саясатын насихаттауға, мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды көпшілікке тарату мақсатында 2025 жылы аудандық деңгейде 11 шара ұйымдастыру жоспарлынып отыр. Оның ішінде: 2 айлық, 7 аудандық байқау, 3 тақырыптық кеш.
2025 жылдың 30 сәуірі күні тілдік кемсітушіліктің алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік тілдің қоғамдық қатынастардың барлық салаларында тиімді қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында медицина және әскери мамандарымен «Ана тілім – дана тілім» атты ақпараттық дәріс өткізілді. Күршім ауданында 87 дүкен, 14 дәмхана, 5 сұлулық салоны, 2 сауда үйлері және 232 көше тіркелген. Ауданда көрнекі ақпаратты дұрыс жазу бойынша консультациялық түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Өңірдегі жарнама агенттіктері, баспа ісі (типография) мекемелері жоқ. Жарнамалар жасауға тапсырыс мемлекеттік сатып алу тәсілі арқылы жеңімпаз мекемемен келісім-шарт жасау арқылы жүргізіледі. Көрнекілік ақпараттарды дұрыс жазу бойынша әдістемелік көмек кәсіпкерлерге жүргізіліп отырады.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қолданыс аясын кеңейтуде көрнекі ақпарат тілінің алатын орнының ерекшелігін баса көрсете отырып, ҚР «Тіл туралы» заңның 21-бабында көрнекі ақпаратты қазақ тілінде қатесіз жазуға, көрнекі ақпарат мәтіндерінің түпнұсқа мағынасын сақтап аудару, заң талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында Күршім ауданының кәсіпкерлер палатасымен бірлесе, кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдастырылып өткізілді.
Күршім ауылындағы дүкендер мен дәмханалар, көше бойындағы көрнекі ақпарат құралдарындағы мәтіндердің сауатты жазылуын, талапқа сай орналасуын қадағалау мақсатында 2 рейд (тексеру) жүргізілді. Қамтылған нысандар саны - 19, оның ішінде 2 дәріхана, 4 дәмхана, 5 сауда нысандары. Рейд кезінде заң талаптарына сай келмейтін фактілер анықталған жоқ.
Ауданда ономастика бойынша да жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күні Күршім ауданы бойынша 7 ауылдық округ, 22 ауыл, 241 көше тіркелген.
Мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылуын БАҚ арқылы насихаттау бағытында аудандық «Күршім жаршысы» газетіне тілдік кемсітушілікке жол бермеу, алдын алу және болдырмау мақсатында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты, «Тұғыры биік – туған тіл» атты, «Жас толқын» поэзиялық клубының қатысушыларымен «Жыр алыбы – Жамбыл» атты танымдық кеш, Т.Молдағалиевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Тұманбай жыры – тұнған сыр» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімінің қатысуымен поэтикалық марафон, «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты шығармашылық кеш өткізіліп, аудандық «Күршім жаршысы» газеттің бетіне 5 мақала жарияланды.
Барлық шаралар бөлімінің kurshum_til инстаграм парақшасында орналастырылып отыр.
Аудандағы жоспарланған аудандық спорттық, мәдени іс-шаралар madeniet.sport.kurchum Instagram әлеуметтік желісінде және аудандық «Күршім жаршысы», облыстық «Дидар», «Менің Өлкем» газет беттерінде және аудан әкімі сайтында тұрақты түрде жарияланып, халық арасында насихатталуда. Алдағы уақытта жұмыстар өз жалғасын табады.