2025 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Күршім ауданының барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалады.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 3080,3 млн. теңгені, өсу қарқыны – 130,6%, нақты көлем индексі – 167,8% құрады.
Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 2547,3 млн. теңгені, өсу қарқыны – 124,2%, нақты көлем индексі – 172,4% құрады.
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің көлемі 6350,3 млн. теңгені, өсу қарқыны – 124,1%, нақты көлем индексі – 109,8% құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 5862,5 млн. теңгені, өсу қарқыны –126,7%, нақты көлем индексі – 110,9% құрады.
Негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 3697,8 млн. теңгені, жеке инвестициялар көлемі 3284,6 млн. теңгені, өсу қарқыны – 115,1%, нақты көлем индексі – 112,8% құрады.
Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 1548,6 млн. теңгені, өсу қарқыны – 108,5%, нақты көлем индексі – 100,2% құрады.
Күршім ауданы
әкімінің орынбасары Р. Нұрланұлы
? Г. Жанаева
( 8 (72339) 22007