«Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы ақпарат

«Шығыс Қазақстан облысы  Күршім ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы ақпарат

 

 

Күршім ауылы                                                                         20.06.2025ж

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы ҚР Заңының 8-бабының 5-тармағына, ҚР Мемлекеттік  қызмет істері және  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл  агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19  қазандағы №12 бұйрығымен  бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау  жүргізудің үлгілік  қағидаларына, «Шығыс Қазақстан  облысы  Күршім ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекемесінің (бұдан әрі Аппарат) және ведомствоға  бағынышты  ұйымдарға сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне  ішкі талдау (СЖТІТ) жүргізілді

     Сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне  ішкі талдау (бұдан әрі-талдау)2025 жылғы  9 маусыман бастап 25 маусым аралығында  жұмыс  топтарымен  жүргізілді

Сыбайлас жемқорлыққа  ішкі талдау (әрі қарай СЖТІТ) келесі бағыттар  бойынша  жүргізілді.

1)ауданның жергілікті атқарушы  органдары қызметтіне қатысты  нормативтік құқықтық актілерлде сыбайлас  жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2)ауданның  жергілікті  аткарушы  органдардың  ұйымдастыру –басқару  қызметіндегі  сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау (СЖТІТ)жүргізу кезінде мыналар пайдаланылады.

-ҚР Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл  агенттігінің Төрағасы  бекіткен 2021жылғы 7 сәуірдегі сыбайлас  жемқорлыққа  тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізу  жөніндегі ұсынымдар;

-ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016жылғы 19 қазандағы  №12 бұйрығымен  бекітілген сыбайлас  жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің  үлгілік  қағидалары.

Сыбайлас  жемқорлыққа ішкі талдау (СЖТІТ) 2025 жылғы 9 маусым пен 25 маусым аралығында өткізілді.

Күршім ауданы әкімінің   2025 жылғы 16 маусымдағы №31-ө өкіміне сәйкес, жұмыс тобының  мүшелері болып Аппарат  басшысы, жалпы бөлім  басшысы, кеңсе,  ақпараттық  технологиялар  және мемлекеттік қызметтер  көрсету сапасына ішкі бақылау бөлімінің  басшысы, жалпы бөлім бас маманы айкындалды.

     -Күршім аудан әкімінің  аппараты;

     -Күршім ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шыныктыру және спорт бөлімі;

     -Күршім ауданның ішкі саясат  бөлімі;

     -Күршім ауданның кәсіпкерлік  және  ауыл шаруашылығы бөлімі;

    -Күршім ауданның экономика және  және қаржы бөлімі;

    -Күршім ауданның «Жер қатынастары  бөлімі»;

    -Күршім ауданның сәулет, құрылыс тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық, жолаушылар қөлігі және  автомобиль жолдары бөлімі;

    -Күршім ауданы Құйған ауылдық округі әкімінің аппараты;

    -Күршім ауданы Маралды ауылдық округі әкімінің аппараты;

    -Күршім ауданы Балықшы ауылдық округі әкімінің аппараты;

    -Күршім ауданы Күршім ауылдық округі әкімінің  аппараты;

    -Күршім ауданы Абай ауылдық округі әкімінің аппараты;

    -Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты;

    -Күршім ауданы Сарыөлен  ауылдық округі  әкімінің  аппараты;

    -Күршім ауданы әкімдігінің «Күршім» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

-Күршім ауданы әкімдігінің «Шабыт» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

     Аппарат бөлімдері өз қызметін  Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы  әкімдігінің 2025 жылғы 16 маусымдағы №31-ө өкімімен  бекітілген «Күршім ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік  мекемесінің ережесіне сәйкес

     Аппарат құрылымына мынадай бөлімдер кіреді:

     1.Жалпы бөлім

     2.персоналды басқару  қызметі;

     3.кеңсе, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік  қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау бөлімі

 

1.Жалпы бөлім

Заңгерлік мемлекеттік- құқықтық  бағыты  бойынша:

Мемлекеттік мекеме өзінің  жұмысын Конституция  мен Қазақстан Республикасы Заңдарына, Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  актілеріне және ережелеріне сәйкес жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін  ішкі талдау жұмыс тобымен әкімдік  өзінің жұмысына  басшылыққа алатын Кодекстер,нормативтік құқықтық актілер бойынша түсінік  жұмыстары  жүргізілді.

      «Күршім ауданы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің ережелерін зерделеу барысында  аудан әкімі  аппаратының қызметіне  қатысты нормативтік  құқықтық актілерді (Регламенттер, қаулылар  өкімдер, бұйрықтар) өкілеттілігіне нұқсан келтіретін және жемқорлық жасауға әкеліп соғатын  нормалар анықталған жоқ.

       Құқықтық актілердің нормалары мен ішкі құжаттар  арасындағы қарама қайшылықтар   бағытында көрсеткіш  бойынша: басымдық нормасын таңдау жауапкершілігі  талдау объектісінің  лауазымды тұлғасына   жүктелді.

         2025 жылдың қаңтар- мамыр  айлары аралығында  «Күршім ауданы әкімінің  аппараты» мемлекетік мекемесі қосымша  құн салығы (әр қарай ҚҚС) есебінсіз 79521,31мың теңге сомасына мемлекеттік  сатып алулар жүргізілді.

     Ағымдағы жылдың 5 айында «Күршім  ауданы әкімінің   аппараты» мемлекеттік мекемесі 45 мемлекеттік сатып алу өткізілді, соның ішінде: Ашық конкурстың  екінші кезеңі- 0,баға ұсыныстар  әдісімен – 7,Электронды  дүкен арқылы-17, Тікелей шарт тұжырымы бір дерек көздерден-9.Өткізілмеген  мемлекеттік сатып алу бойынша   сатып алу-12.

 

2.Персоналды басқару бөлімі;

Күршім ауданының жергілікті атқарушы органдарындағы штат саны-81, нақты саны- 77 (аудан әкімі аппаратында -16/15, дербес бөлімдерде 33/31, ауылдық округтерде -32/31).

Бос және уақытша бос орындарға  ішкі және  жалпы конкурстар ағымдағы заңнама талаптарына сәйкес өткізілуде. Конкурс нәтижесі бойынша 8 адам қабылданды.  Азаматтардан шағымдар түспеген.

Сонымен қатар, жоғары лауазымға 3 адам тағайындалды.

3 адам аудандық аумақтық сайлау комисиясының шешіміне сәйкес Құйған, Күршім, Абай ауылдық округтерінің әкімі болып тіркелді.

Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық нұсқаулықтарымен таныстырылған. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеумен танысуы, арнайы тексеруден өтуі, ант қабылдауы ағымдағы заңнама талаптарына сәйкес.

7 мемлекеттік қызметші қайта даярлықтан өткізіліп, 16 мемлекеттік мемлекеттік қызметші  біліктілігін арттырды.

Мемлекеттік қызметшілер арасында туыстық байланыстар анықталмаған.

Мемлекеттік қызметшілер Әдеп Кодексі нормаларымен қол қойып таныстырылған. Әдеп Кодексі нормаларын бұзу фактісі және  мүдделер қақтығысы тіркелмеген.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптар жинақтары бекітілген, мемлекеттік қызметшілер біліктілік талаптарға сәйкес келеді.

Зейнеткерлікке шығуына, басқа жаққа қоныс аударуына,  қайтыс болуына байланысты 4 адам жұмыстан босатылды. «Таза ауысыммен» босатылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.

Теріс  қылықпен босатылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.

Мемлекеттік қызметшілерге 3 тәртіптік шара қолданылған, оның ішінде: ескерту–1, сөгіс-3.  Тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу фактісі-0.

Персоналды басқару бағытына қатысты сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдер анықталған жоқ.

 

  1. Кеңсе,ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау бөлімі;

 2025 жылдың 5 айында Күршім ауданы әкімінің аппаратына, дербес бөлім және ауылдық округ әкімдеріне  барлығы – 176 жолданым түскен, оның – 128 жеке тұлға, 48– заңды тұлға (өтініштер – 91, шағымдар – 11, оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жолданымдар – 74). Қаралғаны – 147, ауыртпалық түсіретін – 10 әкімшілік акті шыққан. Мерзімі бұзылып қаралған жолданымдар жоқ.

       Қазақстан Республикасының әкімшілік  рәсімдік-процестік кодексінің 90 бабына сәйкес мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті.

        Есепті кезеңде аудан әкімімен – 69 қабылдау жүргізіліп, 119– адам қабылданды. Жеке қабылдау барысында азаматтар көтерген мәселелер қаралып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жеке қабылдауға қатысты шағымдар болған жоқ.

        Түскен өтініштер «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде тіркеледі, уақтылы жауаптар беріледі.

 

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша 1 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды:

1.Күршім ауданының «Шабыт» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның комплаенс-офицерінің қызметкері лауазымы жоқ. Бұл сәйкестік пен ішкі бақылау мәселелеріне жеткіліксіз назар аударуды көрсетуі мүмкін.

Ұсыныс: Күршім ауданы әкімінің аппаратының жалпы бөлімі комплаенс-офицер штат бірлігін енгізу бойынша «Шабыт» КМҚК-на  хат жолдасын.

 

                   Мүдделер қақтығысын  реттеу.

 

    Мүдделер қақтығысы жағдайларын талдау жүргізу барысында жұмысқа қабылданған  қызметкерлердің  мемлекеттік мекеме басшысымен  үлестестігі анықталған жоқ. Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылар мен жеке құжаттардың бірлеске қызметі (жұмысы) жоқ

 

 

Жұмыс тобының құрамы:

 

Аудан әкімі аппаратының  басшысы,

жұмыс тобының төрағасы                                                     С.Дузбаев

 

 

Аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің           

басшысы                                                                                 Д.Адилбеков

 

 

 

 

 

 

Аудан әкімі аппаратының

кеңсе, ақпараттық технологиялар және

мемлекеттік қызметтер

көрсету сапасына  ішкі  бақылау бөлімінің  

басшысы                                                                                 С. Тоқпаева

 

 

Аудан әкімі  аппаратының жалпы бөлімінің

бас маманы, жұмыс тобының хатшысы                                К.Абилмажина

 

Дата публикации
24 июня 2025