Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық даму
көрсеткіштері туралы
2025 жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша Күршім ауданының барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалады.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2185,6 млн. теңгені, нақты көлем индексі – 156,6% құрады.
Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 1745,1 млн. теңгені, нақты көлем индексі – 161,3% құрады.
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің көлемі 4381,6 млн. теңгені, өсу қарқыны –125,1%, нақты көлем индексі – 109,0% құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3975,1 млн. теңгені, өсу қарқыны –128,4%, нақты көлем индексі – 110,1% құрады.
Негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 2608,3 млн. теңгені, жоспар-тапсырма 110,4%-ға орындалды (жоспар-тапсырма – 2363,3 млн. теңге).
Құрылыс жұмыстарының көлемі 1361,0 млн. теңгені, жоспар-тапсырма 194,4%-ға орындалды (жоспар-тапсырма – 700,0 млн. теңге).
1 703 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, жоспар-тапсырма 100,1%-ға орындалды (жоспар-тапсырма – 1 701 шаршы метр).
Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 1304,1 млн. теңгені, өсу қарқыны – 108,9%, нақты көлем индексі – 100,8% құрады.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1554 бірлікті құрады.
Күршім ауданы
әкімінің орынбасары Р. Нұрланұлы
? А. Серікқызы
( 8 (72339) 22007