Абай, Күршім және Құйған ауылдық округі әкімдерін сайлауының қорытындылары мен сайланған әкімдер туралы хабарлама

Абай, Күршім және Құйған ауылдық округі әкімдерін сайлауының қорытындылары

мен сайланған әкімдер туралы хабарлама

 

Абай ауылдық округі

Күршім ауданы Абай ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 635, дауыс беруге қатысқаны – 504 (79,4%).

Сайлау қорытындысында Бақтияров Талғат Қалибекұлы – 365 (73,4%),  Жаныбекова Айнұр Жәмелқызы – 55 (15,06%) дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 77.

Дауыс беру нәтижесі бойынша «AMANAT» партиясы ұсынған,                   1974 жылы туған,  уақытша жұмыссыз, Бақтияров Талғат Қалибекұлы – Абай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Күршім ауылдық округі

Күршім  ауданы Күршім ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 6920, дауыс беруге қатысқаны – 2707 (39,1%).

Сайлау қорытындысында Ақылбекұлы Рауан – 601 (22,96%),  Қожабаев Мурат Мырзабаевич – 476 (18,18%),  Нұрсоветов Ерлан Нұрсоветұлы – 1440 (55,02%) дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 38.

Дауыс беру нәтижесі бойынша «AMANAT» партиясы ұсынған,                   1966 жылы туған, «ШҚО, Күршім ауданы, «Күршім ауылдық округі» мемлекетік мекемесінің әкімі Нұрсоветов Ерлан Нұрсоветұлы – Күршім ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

 

Құйған ауылдық округі

Күршім ауданы Құйған ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 618, дауыс беруге қатысқаны – 600 (97,1%).

Сайлау қорытындысында Искаков Ришат Даулетханович – 73 (12,18%),  Кумарова Мадина Кабалевна – 89 (14,85%), Кусаинов Мухамедкарим Абдрахманович – 399 (66,6%) дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 15.

Дауыс беру нәтижесі бойынша «AMANAT» партиясы ұсынған,                   1964 жылы туған,  «ШҚО, Күршім ауданы, уақытша жұмыссыз, Кусаинов Мухамедакрим Абдрахманович  – Құйған ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

 

Күршім аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
12 мая 2025