Еңбек ардагерлері және мүгедектігі бар адамдармен жұмыс туралы

Күршім ауданының әкімі  М. Альбековқа

 

Еңбек ардагерлері және мүгедектігі бар адамдармен жұмыс туралы

 

Ауданда бүгінгі 651 мүгедектігі бар адамдар бар, оның ішінде: 1-ші топтағы мүгедектігі бар адамдар саны-68 адам, 2 топтағы-282 адам, 3 топтағы -262 адам және 39 бала жастан мүгедектігі барлар.

Қозғалыс- тірек  аппараттары  бұзылған мүгедектігі бар адамдар саны -26, көздері нашар көретін  - 12 адам, есту қабылеті нашар - 9 адам.

2024 жылдын 12 айында 313 – өтініш кеп түсті оның ішінде  сурдо - тифло және гигиеналық құралдармен – 206, протездік-ортопедиялық құралдармен – 47, кресло - арбамен 24 мүгедектігі бар  адамдар  қамтамасыз етілді. « Греховка» оңалту орталығына квота бойынша 25 адам емделді.

Мүгедектігі бар адамдардың денсаулықтарын түзету мақсатында «Мойылды», «Аққайнар», «Усман», «Спутник», «Адал ниет Астана»,       шипажайларына 16 адамға жолдама берілді.  

104 зейнеткер «Уба», 23 зейнеткер «Усть-Таловка» шипажайында дем алып келді.

91 зейнеткердің құжаттары дайындалып, аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығы арқылы үй жағдайында қызмет көрсетілуде.

8 зейнеткер қарттар үйіне орналастырылды

8- Мамыр Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы 537 отбасына         8055,0 мың теңге біржолғы материалдық көмегі көрсетілді.

Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 22 ардагерге 4400,0 мың теңгенің біржолғы материалдық көмегі көрсетілді.

Отан қорғаушы күні -7 мамыр күніне орай 1992 жылғы қыркүйек - 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 13 ардагерге 1300,0  мың теңгенің біржолғы материалдық көмегі көрсетілді.

1986-1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына-7 ардагерге 700,0  мың теңгенің біржолғы материалдық көмегі көрсетілді.

1986-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 10 адамға – 1000,0 мың теңгенің біржолғы материалдық көмегі көрсетілді.

Ұлы Отан соғысы кезеңінде қатысушыларының 2 жесірлеріне 200 мын теңге материалдық көмек көрсетілді.

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған – 1 адамға 100,0 мын теңге көмек көрсетілді

       1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған - 70 адамға 3500,0 мын теңге көмек көрсетілді.

 

Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік жәрдемақыларды

тағайындау және төлеу туралы

 

 2024 жылдың 12 айында  аз қамтылған 83 отбасы 422 адамға 40878,5 мың.теңге атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалып төленіп берілді. Соның ішінде 69 отбасына 364 адамға 35100,3 мың.теңге шартты ақшалай көмегі және 16 отбасы 58 адамға 5778,2 мың.теңге шартсыз ақшалай көмегі  тағайындалып төленді. Көп балалы отбасының саны 38, аз қамтылған отбасының саны 45.  

Сонымен қатар,  атаулы әлеуметтік көмек алушылардың бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлемі Күршім ауданы  бойынша  47 отбасына (оның ішінде 98 балаға ) 4856,7 мың.теңге тағайындалып төленіп  берілді. 

2023 – 2024 оқу жылына  Күршім ауданы бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін 6 мүгедектігі бар балаға 938,0 мың тенге  материалдық көмек төленіп берілді.

 

 

Күршім ауданының

жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің басшысы                    Р.Нұрланұлы

 

 

 

Орын: М. Кенжеканов
Тел.8(72339)22-0-99

 

Дата публикации
03 апреля 2025