«Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім, Абай және Құйған ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы»
Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
№ 2 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім, Абай және Құйған ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2025 жылғы 11 мамырға тағайындалсын.
- 2025 жылғы 11 мамырға тағайындалған Күршім ауданының Күршім, Абай және Құйған ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Күршім жаршысы» газетінде жариялансын.
Күршім аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы А.Абилмажинов