«Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім, Абай және Құйған ауылдық округтері әкімдерін сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы»

«Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім, Абай және Құйған ауылдық округтері  әкімдерін сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы»

 

       Күршім аудандық  аумақтық сайлау комиссиясының

                                              № 1  ҚАУЛЫСЫ

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Күршім ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша Күршім, Алғабас, Топтерек ауылдарының шекарасында Күршім сайлау округі құрылсын.
  2. Абай ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша Бурабай, Теректібұлақ, Қойтас ауылдарының шекарасында Абай сайлау округі құрылсын.
  3. Құйған ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша Құйған, Қайыңды, Қайнар ауылдарының шекарасында Құйған сайлау округі құрылсын.
  4. Сайлау округтерінің тізімі, олардың  шекаралары және Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері жөніндегі ақпарат Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Күршім жаршысы» газетінде жариялансын.

 

 

Күршім аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                          А.Абилмажинов

 

Дата публикации
02 апреля 2025